Өнер және өлім

 

         Бұ тiрлiкке келiп жатқан жан иелерi баршылық. Егер бiз сол тiршiлiк иелерiнiң iшiнде адам пенделерiн жақсылыққа бегiмдейтiндiгi, сезiмге құштар етерлiгi, табиғатқа жақындата түсетiндiгi, қуаныш сыйлай алатындығы үшiн кейбiреулерiн ерекше құрметке ие етер болсақ және билiкке маған берсе, онда мен мал iшiнен жылқыны, ұшатындар iшiнен аққуды, жүзетiндер iшiнен делпиндi, аңдар iшiнен құралайкөз қарақұйрықты таңдаған болар едiм. Ал өсiмдiк арасынан?…

         Адамдар iшiнде де әлгiлер сияқты, айрықша жаратылғандары кездеседi. Кезiнде замандастарына қадыр-қасиетiн таныта алмағандары да, тiрiлей құрмет ұшпағына көтерiлгендерi де жеткiлiктi. Бұл шағын мақаланы бiз осы екi топтың алдыңғысының өкiлi, ХIХ ғасырда Францияда туып, бар болғаны 37 жыл өмiр сүрiп, оның он жылының жартысынан жуығын қорлық пен азапта өткiзiп, ақыры жындылар үйiнде өзiн-өзi атып өлтiрген Винсент Ван Гот суретшiге арнағалы отырмыз.

         Мақала мағнасын түсiнiктiлеу ету үшiн алдыфмен Ван Гог өнерiн кәзiргi ұрпақ қалай бағалап отыр деген сұраққа жауап бере кетелiк.

1.   Адамдар сурет салып сата бастағалы ең қымбат сатылған сурет “Гоша дәрiгер” атты, Ван Гогтiң жындыханалар үйiнде жатып салған суретi екен. Ол суреттің жасы жүзге толған шақта 80,0 миллион долларға сатылыпты.

2.   1987 жылы Париж қаласының Содбис аукционында Ван Гогтiң “Күнбағыс” атты суретi 38,0 миллион долларға өтiптi.

3.   Ван Гог бүкiл Әлемге танымал “Түнгi кафе”, “Картоп жегiштер”, “Серуен”, “Қызыл жүзiмдер” атты суреттердiң авторы.

Ван Гог туралы әңгiмемiздi осы жерден тоқтата тұрып, ол туралы. Оның замандастары туралы аз ғана ой толғап көрелiк.

         Ван Гогты кезiнде замандастары зорлап жындыханаға салыпты. Суретшi  жындыханада отырған кезде, жүз жылдан кейiн 80,0 млн. долларға сатылар, өзiн емдеген кiсi бейнесiн полотноға түсiрiптi…

         Ван Гог жынды ма едi?… Әлде ол өз замандастарынан бiрнеше ғасыр iлгерi кетiп оларға жынды болып көрiндi ме екен?…

         Бiр аңыз еске түсiп отыр.

         … Атақты патшаның ақылды  уәзәрә болыпты. Бiр күнi түнде сол уәзiрге Жетi Көктен хабар түсiп, қәзiр, таң алдында жаңбыр жауатыны, сол жаңбыр суынан дәм татқандардың жынданатыны ескертiлiптi. Ол тек қана патшасына ескертiп үлгередi. Жаңбыр жауып елi жындылар елiне айналады. Бұларды мойындамай, тiптi патша мен уәзiрдi дарға аспақ болады. Өлiмнен қорыққан патша: “Уәзiрiм, ақылың ұшан-теңiз едi ғой, бiр айласын тапсашы” – деп жалыныпты. Сонда уәзiр:

- Жалғыз жол бар. Басымызды аман қалу үшiн бiдер де жаңбыр суынан дәм татуымыз қажет дейдi. Олар да басқалар қалпына келгенде елi мойындап, тағына қайта ие болыпты – мыс.

         … Мүмкiн Ван Гог басында да сондай жағдай болған болар. Бiрақ ол басқалар iшкен судан тартынған болар, ақыры амалсыз өзiн-өзi өлтiрген болар… Әйтпесе, бұдан жүз жыл бұрын өмiр сүрген жындының суретiн бұ заманның тиiн санаған қулары 80,0 млн. долларға бағалар ма едi…

         Ал өнер зерттеушiлердiң айтуы бойынша “Күнбағыс” суретi Ұлы шығармалардың iшiндегi ең Ұлысы. Бұл шығарманың көшiрмесiн бiз өз көзiмiзбен көрдiк. Сап-сары күнбағыс. Жан-жағында сәулеге ұқсас жапырақтары бар, ортасында күн көзiнен нәр алып пiскен пiстест бар кәдiмгi күнбағыс. Бiрақ бұл сурет сол кәдiмгi күнбағыстығымен Ұлы екен. Егер адам баласы, суретшi бүкiл Әлемдiк тiршiлiк символын салам десе оны тек қана күнбағыс арқылы бейнелей алар. Жердегi тiршiлiк құдiретi – Күн. Күн – бiздiң Тәңiрiмiз. Дән /пiсте/ болашақ ұрпақ, күн құдiретiнен жаралған тiрлiк жалғасы. Әлемнiң шексiздiгi, өмiрдiң қайталанбалығы, бәрiне әмiршi күн екендiгi, жердегiлердiң күнге бас иiп, соған бас  иiп құрмет көрсетуi, мiне, солардың бәрiнiң кездейсоқ құбылыс еместiгiнiң үлгiсi – күнбағыс. Ван Гог көзi соны көре бiлген. Сондықтан да ол Ұлы. Ван Гогтың ұлылығының тағы бiр қыры – оның шыншылдығы. Бүкiл Европа Азияны өздерi жаратқандай боп, бұратана, жабайы, қор санап жүрген кезде Европа өнер адамдарының iшiнде алғашқысы болып Шығыстық өнерлi мойындауы да оның Ұлылығы едi. Мүмкiн Ван Гогты жындыханадан шығарған да осы кiсiлiк шыншылдығы болар. Бiздер, қазақтар, сол шығыстағылардың бiрiмiз.

         Бұ заманда мақтануға тұрарлық бiр жетiстiгiмiз – ол бiздiң жастарымыздың өнердi жете меңгеруi, оны басқалардан оздыра бастауы. Кәзiр Айманның, Жәнияның, Әлiбектiң, Сәкеннiң, Бекболаттың, күйшi және әншi Айгүлдердiң өзгеден мойындары озық, төбелерiнiң биiк көрiнуi – соның айғағы.

         Солардың бiрi сурет өнерiндегi Ван Гогтi Пiр тұтушы – Шымкенттiк Асқат Ахмедияров. Мынау қарбалас заманға тап болып, мүмкiн кейiн миллиондарға сатылар дүниесiн кәзiр қарын қамы, екi ұлының күнделiктi мәпаханасы үшiн болмашы тиiнге өткiзiп жүрген суретшiнiң өмiрге қөзқарасы бiзге бәлкiм түсiнiксiздеу де болуы кәдiк.

         Ван Гогке жан-тәнiмен берiлген, Ұлы өнерiне бас иген, Шығыс өнерiн мойындаған алғашқы Европалық ретiнде құрметтеушi қазақ жасы оны өз елiне түсiндiрмек болады. Осы ой Асхатты ұзақ ойландырып, толғандырып барып бiр арнаға құйылады. Ол Ван Гогқа құрметiн оның “Күнбағыс” суретi арқылы бермек болады.

         … Үлкен потолноға Ван Гогтың “Күнбағысы” салынады. Өнер сүйер бiр жанашырдан үш қап күнбағыс пiстесiн сұрап қолға түсiредi. ЦУМ дүкенiнiң әкiмшiлiгiнiң келiсiмi мен көше асфальтiне бiр қап пiсте төгiледi. Оның үстiне таза мата төселедi. Мата үстiне екiншi қап пiсте жайылады. Суретшi тыр жалаңаш шешiнедi. Үстiн сұйықтау етiп дайындаған қамырмен майланды, Өзi жайылған  пiсте үстiне жатады. Үшiншi қап пiстенi өз үстiне төктiредi. Осы уақыттың бәрiнде де магнетофон “Винсент”, “Ван Гог” деп қайталаумен болдаы. Шашына дейiн пiсте жабысқан Асхат орнынан тұрып, шапанын жамылады. Мен осы уақиғаны теледидардан өз көзiммен көрдiм.

         Бұндай құбылыстарды шет елдерде “Перформанс” деп атайды екен. Ол сөз өнер иесiнiң өз ойын, iшкi жан-дүниесiндегi күрделi құбылыстарды басқаларға көрсету үшiн таңдап алған әдiсi деген мағна беретiн сөз екен.

         Асхат Ахмедияровтың Ұлы суретшi Винсент Ван Гогке арнаған құрметi бұ күндерi өз басына бұлт боп оралса  керек. Көпшiлiк алдында шешiндiң деп айып тағып бiр айдай тергеу жүргiзiп, қазақ суретшiсi Асқат Ахмедияровтың француз Ұлы суретшiсi Винсент Ван Гог құрметiне арнаған перформансы қылмыс кодексiнiң кiсiнi бас бостандығынан үш жылға дейiн айыруға жеткiзерлiк қылмысына айналса керек.

         Бiз кәзiр бостандықтағы елмiз. Бiз тек қана дүниежүзiлiк қылмыс пен экономика заңдарын бойымызға сiңiрiп қана қоймай, Әлемдiк мәдени қөзқарастардан да аулақ болмауымыз керек болар.

         Суретшiлер Ван Гог пен Асхат Ахмедияров iстерi сотқа берiлiптi. Тiршiлiк бейнесi, өмiрдiң мәңгi қайталанылу құбылысы, жердегi жан иелерiнiң күнге бағыныштылығы және оған иiп көрсеткен құрметi, соны жан-дүниесiмен түсiнген суретшiлер, соны отандастарына түсiндiрiп бермек болған Асхат Ахмедияров – мiне, осы шағын мақаланың тұжырымы.

         … Мақала соңына бiр ұсыныс пен бiр сұрақ…

         Ұсыныс – мүмкiн Асхатты соттағаннан гөрi жындыханаға салған дұрыс болар. Ол да сол жерде болашақ 80,0 млн.долларға өтер бiрдеңе салар…

         Сұрақ – суретшi Асхаттың бiр сәт жылт ете қалған “ұятты жерiнiң” қазақстандықтар үшiн теледидар күнi-түнi көрсетiп жатырған секс ленталарынан қауiптiрек болғаны ма?… Кешегi қауым Фадеев, Маяковский сияқты бiраз өнер иелерiн соңғы сызыққа жеткiзiп тынып едi…

         Байқаңыздар, Шымкенттiк заңгерлер, өнер адамы жарақаттанғыш. Ал өмiр мен өлiм арасы бiр секунттық жол. Қазақ халқына Абайына қамшы көтерген, Бiржан салының қолына бұғау салған, не болмаса кешегi аласапыран заманда талай өнер иелерiн құрбан еттi деген атақ та аз жүк емес.

 

                    

                                                        Маңғыстау облысы.  02.03.1999 ж.

 

Запись опубликована в рубрике Өнер. Кесенелер. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Комментарии запрещены.