ҚР Презид жолдауы

 

Қазақстан Республикасы Президентінің

Жолдауы (2005 ж.) қақында

Ел адамдарымен кездесуге дайындық

 

Ендігі жерде 18 ақпан біздің еліміз үшін ерекше еске ала жүретін  күндердің бірі болатын болар.

         Нұрсұлтан Әбішұлы 2005 жылғы Жолдауымен еліміздің болашақ экономикалық қуаты мен рухани болмысын көз алдымызға әкелгендей болды. Осы уақытқа дейін Елбасының елге берген уәдесі мен тындырған ісінің арасында алшақтық болған емес. Қайта аталарымыздың “арық сөйлеп семіз шық” қағидасын берік ұстанған Елбасы өз уәделерін мезгілінде, тіпті ертерек тындырып жататынына етіміз үйреніп болды.  Президент жыл сайын ел алдында есеп беріп келе жатыр. Быйылғы Жолдау еліміз бен жеріміздің де, саясатымыз бен экономикамыздың да сенімді қолда екенін дәлелдей түсті.

Президент Жолдауы –  еліміздің технологиясы мен техникасы, құрылысы мен тұрмысы  Қазақстанды әлемнің озық елдерінің  қатарына жеткізеді-ау деген арман отын жағып берді.

Президент Жолдауы – аграрлық бағдарлама, иновациялық жоспарлар біздің елімізді енді біраз жылдардан кейін Қазақстанның ешкімге тәуелсіз өмір сүру дәрежесіне жеткізетініне көзімізді жеткізді.

Президент Жолдауы – ел басшысына сеніп келген топтардың сенімін күшейте түссе, ойланып жүргендер мен “алтын отау тігіп береміз” дейтін жел сөзділерге еретіндерді ойландырлықтай жан-жақты дәлелдермен бекітілген еңбек болды.

Ендігі жерде болашақ деген сөзді естігенде Қазақстанның шығар шыңы, жетер мақсаты толық анықтала бастады. Сол мақсатқа жету үшін таңдап алынған жолдың бұраң емес даңғыл екеніне, басқалардың таптаурын жолы емес біздің өз елімізге ғана тән жол екеніне көз жетті.

Осылайша арманымыз анықталған шақта, оған жетер даңғыл салынған шақта еліміздің өзіміз арман ететіндей ел болуы үшін бір-нәрсе қажет. Ол Президенттің де, өкімет басшыларының да қолында емес, ол мына біздердің, біздер мен сіздердің, халықтың қолында.

Ел тағдыры қолымызда дейтініміз, жұртымыздың бірлігі мен берекесі біздің бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруға тырысуымызға байланысты. Жан-жақты бақылай отырып біз өкімет басшылары мен ел азаматтарының сөзінен үндестік, саясатынан ауызбірлік күтеміз. Сол елімізді Нұрсұлтан Әбішұлы белгілеген межеге тезірек жеткізер негізгі қозғаушы күш болар еді десек қателеспейміз. 

Біздер бұрынғы заманда ойымызды біреу ойлап, сөзімізді біреу сөйлеп, біздер үшін барлық мәселелерді басқалар шешіп, өзіміздің ешкім емес екенімізге дағдыланған елдің адамдарымыз. Қалыптасқан сол дағдымен әлі күнге әркімнің аузына қарап, өз ойымызды еркін ашып айта бермейміз. Енді сол әдеттен құтылатын уақыт жеткеніне, тіпті өтіп бара жатқанын байқай бастадық.

Біраз уақыт бір шама халық ДВК деген партия сойылын соғамыз деп шатасты. Енді біреулері “Ақжол” деп аузын ашты. Бұ күндері ол партиялар бет-перделерін сыпырып, жұртқа өздерінің өң-түстерін көрсетті. Ел билемек түгіл ауыз біріктіріп бір жиынға жиналғандардың басын қосып ұстай алмайтынын байқатып алды.

Сондықтан да әр қазақстандықтың, әр қазақтың Президентіміздің осы Жолдауы Нұрсұлтан Әбішұлы арман еткен дәрежеде іске асуы үшін мен не істей аламын, менің қолымнан не келеді деген сұрақ қойғаны дұрыс болар еді.

Әрине, мамандығы бойынша, табиғиғат берген қасиеті бойынша әркімнің тындырар ісі де әртүрлі.

Испан данышпаны Сервантес: “Ең арзанға түсетін, ең қымбат бағаланатын бір нәрсе бар, ол – кішіпейілділік” – деген екен.

Сол айтқандай біздердің де: “Өз қолымыздан еш шығынсыз келетін, бірақ елімізді шексіз бақыт пен байлыққа жеткізетін бір нәрсе бар, ол – ауызбірлік!”. Президентіміздің Жолдауындағы істерді тындыруға атсалысу, Президент саясатын қолдау – ел тыныштығы. Ел тыныштығы ел экономикасының басты құралы.

Сондықтан да біз Аллатағаладан Нұрекеңе ұзақ ғұмыр бергей, халқымызға ермешілдік емес ой мен парасат бергей деп тілек тілейміз. Нұрсұлтан Әбішұлы өз кемеңгерлігін танытты. Елдің елдігі мен бірлігін ұйымдастыра алды,  байлығы мен берекесін қорғай алды.

 

Ендігі кезек біздікі.

Ендігі жерде біздер, қазақстандықтар, халқымыздың бақытына туған осындай ұлдар дарынын толығырақ ел мүддесі үшін пайдалана түсудің мүмкіншілігін пайдалануымыз қажет секілді.

Уақыттың адал сарапшы екеніне көз жетті. Мемлекет пен Мемлекет басшылары атына кір жаға сөйлейтіндерді ойланбастан қостай кететін қолынан іс келмейтіндіктен ызалылар мен байлыққа бөккенмен билікке қолы жетпей күйікті болып жүргендердің шашпауын көтергеннен өз басыңызға, ошағыңызға, Отаныңызға не табатыныңызды ойланыңыздар…

Еліміздің бүгінін қамтамасыз еткен, борлашағына жарық нұр түсіріп тұрған Президентіміздің бұл жылғы Жолдауы еліміздің бақытты болашағына жасалған сәтті қадамдардың бірі болды деп есептеймін.

 

 

 

Запись опубликована в рубрике Без рубрики. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Комментарии запрещены.