Қозғаушы күш

 

Ғарифолла Есімге

 

Халқымызда “сең қозғалды” дейтін бір астарлы да, мағыналы сөз тіркесі бар. Ол көптен қабатталып қалған, шешуі қиын болып келген сұрақтардың оң шешіле бастауына арналатын сөз.

Бірақ бір қабылдаған шешім біреу басындағы қиындықты жеңілдетіп жатырса екіншісін айналып өтіп жатады.

Өйткені қоғам біркелкі мүшелерден құралмайды. Мысалы бір қоғамға біріккен адамдарды жасына, атқарған қызметіне, қазіргі тұрған өмір баспалдағына байланысты бірнеше топтарға бөлуге болады. Қариялар мен зейнеткерлер, жастар мен орта жастағылар, жұмыстағылар мен жұмыссыздар… Біз оларды қанша топқа бөлсек те адамдарды бірдей тұлға ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін  ортақ бір қасиеті бар. Ол – әр адамның өз ортасындағы орны үшін күресі. Өз ортасындағы өзі дәметкен баспалдағы үшін күресі…

         Бірақ сол үміткерді қоғамы, ортасы қозғамаса, өзі талаптанбаса, оның мұратына жете алмасы кәдік. Армандар әр пенденің жүрегінде қатпар-қатпар шеменге айналып, өз иесін бір күні жарып тынатын сеңге айналдырары сөзсіз.

         Біз бүгін ойымызды “сең қозғалды” деп бастауымызда, адамдардың әлгі арманын іске асыруға мүмкіндік туа бастағанын, өлкеміздің қатпар-қатпар қалыңдап қалған сұрақтарының оң шешімі табылуына мүмкіндік туа бастағанын меңзеп отырмыз.

         Сең қозғалды дедік, ал сеңнің қозғалғанын қалай дәлелдейміз.

Алдымен басшыларға арналған ортақ талаптан басталық. Облысымызда бастық дәрежесіндегі адамдарға облыс басшысы Көшербаев атынан үш талап қойылды: өз отбасын тәртіпке келтіру, өз үйінің ауласы мен кіріп шығар баспалдақтарын таза ұстау, Маңғыстаудың негізгі рухани байлығы есептелінентін бір зираттық сәулет ескертішті қамқорлығына алу…

 

Жағдай жасалуы туралы…

Әр адамның жасалынған жағдайға бейімделуі туралы…

Бейімделе алмайтындарға жағдай тудыру туралы…

 

Қариялар мен зейнеткерлер, қалалықтар мен далалықтар, әйелдер мен ерлер, балалар мен жас өспірімдер, жұмыстағылар мен жұмыссыздар… Тіпті жұмыс жасағысы келетіндер мен жұмыс жасағысы келмейтіндер деп те бұл тізімді толықтыруға болар…

Санай берсең көбейе бермек…

Біздің бүгінгі айтпақ болып отырған ойымыз қағамның өркендеуі туралы ойланғанда, шешім қабылдағанда адамдарды жалпы бір тұлға ретінде емес, осындай тұлғалар ретінде жеке-жеке қарау қажеттігін мойындаймыз.

 

 

Запись опубликована в рубрике Ойлар……. Ойлар…………. дәптері. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Комментарии запрещены.