Қазақстан Республикасының азаматы

 

Тыңда, жас ұрпақ!

Қазақстан Республикасының Азаматы! – атты атақ бар.

Ең ардақты атақ! Ең зор дәреже!

 

Ол атаққа ие болу үшін Сенің өзің білуге, болмысыңа сіңіруге тиісті міндеттер мен қасиеттер бар.

 

1.   Ең алдымен Елің мен Жеріңді сүй!                  Азамат атанасың.

2.   Ана тіліңді біл!       Ұлтыңды сүйесің.

3.   Көп тіл біл!    Әлем өз үйіңе айналады.

4.   Ата-бабаңның діні мен жолын мойында!    

Адамды сүйесің. Еліңе пайдалы боласың.

5.   Қазақи әдет-ғұрпыңды меңгер!    Өзіңді қазақ сезінесің.

6.   Өнер үйрен!    Өнерсіз болсаң сөз жатта, өлең жатта.  Жалғыздықтан құтыласың.

7.   Бір кәсіпті толық меңгер!    Тоқ боласың.

 

Егер осыларды орындамасаң – Сен ұлтыңның ұлы атана алмайсың…

Егер Сен осыларды орындамасаң – Елің Қазақстан Республикасы атағын ұстап тұра алмайды…

 

Егер осы міндеттерді орындап, қасиеттерді бойыңа сіңірсең –

Онда Қазақстан Республикасының Азаматы атанасың!

 

Отанымның ұлымын деген адамға одан ұлы атақ жоқ!

 

«Осы атқаққа мен де лайықтымын-ау!» деген сенім пайда болғаннан бастап сен де Ұлы Тұлғасың!

 

 

Запись опубликована в рубрике Ойлар……. Ойлар…………. дәптері. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Комментарии запрещены.