Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде

 


Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың

“Қазақстанның болашағы – қазақ тiлiнде!” деген сөзi ендiгi жерде мемлекетiмiздiң

ұлттық идеологиясына, қазақ халқының

ұлттық ұранына айналып кететiнiне

сенiмдiмiз.

 

Бiз қолымызға қалам алмас бұрын бiраз сұрақтарға жауап iздедiк. Солардың iшiнде жасы алпыстан асып, жетпiске  жақындаған адам ретiнде осы уақытқа дейiн ана тiлiм үшiн не тындырдым, неге ризамын, нендей өкiнiшiм бар деген сұрақтарда болды.

Бiз сол сұрақтарға өз санамыздың, өзiмiздiң ана тiлге деген сүйiспеншiлiгiмiздiң жобасына сәйкес жауаптарды тапқы та…

Солардың 6ipi “сен қазақи айналайынмен ауызданып өскен ауыл баласы едiң” дейдi. Елу жасқа шыққанға дейiн жиындар мен алқалы жерде өз ойыңды ана тiлiнде айта алмай, “iш қазандай қайнайды, күресерге дәрмен жоқ” ережесiмен, бүғып қана өмiр сүрмеп пе едiң деп ескiнi еске салады.

Дегенмен олар: "Сен жолың болған адамсың!" — дейдi маған.

Елiңнiң еркiндiкке қолы жетiп, жасың елуге келгенде еңсең көтерiлмеп пе едi! Содан бастап ана тiлiнде сөйлеп айбындана бастамап па едiң!

Мен аса құрметтi де адам екенмiн. Президент сайлауында 100 сайлаушының             90-нан астамы өз ризашылық сезiмiн бiлдiрген, ел сүйiктiсiне айналған Елбасымыз Маңғыстауға келген сапарында менiң дастарханымнан дәм татып, немерелерiмнiң маңдайынан сыйпап, батасын берген едi.

Ойланып карасам, мен осындай сый құрметтерге ана тiлiмнiң арқасында, ана тiлiмде сөйлейтiн халкымның мәдени мұрасына еткен еңбегiмнiң арқасында жеткен екенмiн.

Әртүрлi ұлттардың өкiлi мекен ететiн Қазақстан Республикасы секiлдi елде ұлтаралық қатынастарды, дiни түсiнiктердi, тiл мәселелерiн революциялық жолмен күштеп шешу, өзге тiлдiлердi зорлап қазақшаға үйрету керек дейтiндер — дұбара адамдар деп ойлаймын.

Елбасымыз бен саясаткерлерiмiз ел мен елдi жауластырмай, ұлт мен ұлтты дауластырмай елiмiздi аман-есен iлгерi бастырып келедi. Жылдан-жылға барлық мәселелер бойынша дамып келемiз, болашағымызға сенiмiмiз арта түсуде.

Бiз осындай жетiстiктерiмiздi алға тарта халқымызды шүкiршiлiк пен қанағатқа шақырамыз. Сабыр менен ақылға шақырамыз. Қазақ даналары "асықпаған арбаға мiнiп қоянға жетедi" деген данышпандығын қазақтардың тап қазiргi тарихи мезгiлiне, әсiресе ана тiл туралы мәселелер туындайтынын бiлiп, соған арнап айтқандай.

Ана тiлдiң дәрежесiн тек қана заң жүзiнде емес ic жүзiнде де мeмлeкeттiк тiлге айналдыру, дамыту, оның пайдалану аясын кеңейту мәселелерi барлық уақытта да мемлекеттiң алдына қояр 6ipiншi шаруасы болуға тиiс деп ойлаймыз. Бұл мәселе тек қана мемлекет басындағылардың емес әрбiр қазақтың да мүддесi. Екi мүдденi ұштастыра жұмыс жасай алғанда ғана ана тiлiмiз бәрiмiз армандаған биiктен көрiне алмақ.

Содан барып "мемлекетiмiз ана тiл беделiн бар қазақ армандаған деңгейге көтеру үшiн не icтеуi қажет?" деген сұраққа жауап iздеймiз.

Заңдар мен қаулы шығара алатын мекемелер тiлдi дамыту туралы шешiм қабылдағанда өзi де орындай алатын, қоғам мүшелерi де орындай алатын, ең бастысы мемлекетiмiздiң тыныштығы мен жұртымыздың татулығын қамтамасыз ете алатындай заңдар қабылдауы тиic. Сондай заңдар мен бағдарламалар қабылдағанда оны халық орындай ала ма? "Қабылданған заңды icкe асыру үшiн халыққа қандай жағдай жасау керек?" деген сұраққа жауап бере отыру, жетiстiкке жетудiң басты құралы деп ойлаймыз.

Мысал келтiрелiк. Мемлекет ата-аналарға балаңды қазақша оқыт деп, қазақша тiлге үйрет деп ұран тастады делiк. Егер менiң үйiмнiң қасында баламды орналастырар қазақша тiлдi бала-бақша болмаса, немеремдi апарар уй жанында қазақша тiлдi мектебiм болмаса ол ұранды мен калай жүзеге асырмақпын?

Тiлдi жасы жеткендерден емес, бесiктегi балаға үйретуден бастау қажет. Қазақша мектеп пен бала-бақшалар саны бүгiнгi қазақтардың сан жобасын емес, болашақтағы  санын қамтамасыз ете алатындай  болғанда ғана, мемлекеттiң қазақтарға қазақша сөйле деп бұйыруға, неге балаңды қазақша оқытпайсың деп бұлдануға қақысы болмақ.

Мемлекетiмiздегi барлық балабақша мен мектептерi, гимназиялары мен жоғары оқу орындарының 70-80 пайыздай жобасы қазақ тiлдi болғанда ғана ана тiлдiң өpeci өз-өзiнен биiктей бастамақ.

Ақшамыз мол деп жар салып жатырмыз. Ақшаны жұмсайтын орын табылмай жыл сайын миллиардтап игерiлмей қалып жатыр дейдi. Ақша жұмсаудың ең қажеттi жерi осы. Бiр сыныпта қазақ тiлiн отыз емес он бес бала оқығанда ғана бiлiмнiң сапасы көтерiлмек.

Қазiр өзiмiз қатарынан орын аламыз деп жатқан елу озық елдердiң кейбiреулерi мемлекет қауiпсiздiгiне қанша қаржы жұмсаса оқу-ағарту жұмыстарына да сонша қаржы бөледi екен.

Ана тiлiн ардақ тұту, қазақы болмысты сақтап қалу жұмыстары жастармен үздiксiз еңбек етудi қажет ететiн шаруа.

Тiл тағдыры туралы әңгiме еткенде, балаларымызды оқытқанда бiздер ана тiлiмiздiң, қазақ ұлтының нәр алып жатырған тамырлары тым тереңде жатқанынан бастауымыз керек деп ойлаймыз. өз тегiне деген мақтаныш сезiмi — ол ең абзал сезiмдердiң 6ipi.  Бiздер жастардың сондай сезiмдерiн оятуға тырысуымыз қажет.

Тарих тылсымының деректерi менiң өз басымда қазақ болып туғаныма деген мақтаныш сезiмдерiн оятады. Қалай мақтанбассың!.. Бiздiң эрамыздан мыңдаған жыл бұрын әлемдегi ең алғашқы жазуларды ойлап тауып, артына күйдiрiлген саз тақтайшаларға жазылған кiтап қалдырған шумерлер бiздiң қазақтардың бабалары екен! Сол саз кiтаптардағы сөздердiң ең көп өзгермей сақталғаны қазақ тiлiнен табылады екен.  Бiздiң эрамызға дейiн сан мың жыл, одан кейiнгi 2 мың жыл бойы бiздiң ана тiлiмiз әлемдi аралап, өз мәдениетiн үпгiттеумен келiптi…

Сөйтсек, түркi тұқымдас елдер, солардың ошағына от тұтатып отырған бiздер, қазақтар, ең ежелгi ел өкiлдерi екенбiз. Жер бетiнде алғашқы қалаларды салып, ең алғашқы жазуларды ойлап тапқан көне түркiлердiң бабалары екен. Мысалы, Күлтегiн  жырларындағы:

Соноу бастан, о бастан

Бip-6ipiнe жараскан

Жаралғалы Қара Жер,

Жаралғалы Көк Аспан

Естеби мен Бумынның

Адамзаттан бағы асқан.

Төрт бұрышы дүниенiң

Соларменен санасқан.

Бүкiл түркi әлемi

Екеуiне қарасқан.

Апақ-сапақ, iңiрде

Олар салған дүбiрден

Қаптап жатқан қалың жау

Шыбын жаннан түңiлген.

Дырдай болып келгенмен,

Бордай болып үгiлген.

Басы барлар иiлiп,

Тiзесi бар бүгiлген…

деген секiлдi образды жолдар жастар түгiл жасы жеткен бiздердiң делебемiздi қоздыра бастайды.

Осыларды оқып отырып өзiңнiң ескi түркi тұқымы екенiңе қалай мақтанбассың.

Мiне, бұл дерекгер бастауыш мектептердiң "Ана тiлi" оқулықтарының, жоғары сынып оқушыларының "Әдебиет" кiтабының алғашқы беттерiнен орын алуға тиiс деп ойлаймыз. Соларды оқып, мақтаныш сезiмiне бөленген балалар өз аталарының ұлы болғандығын, тiлдерiнiң дүниежүзi тiлдерiне 15-20 пайыз сөз қосқанын бiлуi қажет. Ең алғашқы әpiптi өздерiнiң бабаларының ойлап тапқанына мақтана өмiр сүруi қажет. Сонда ғана бiз орыс тiлдi бауырларымыздың бетiн берi қайтара аламыз. Өз ұрпақтарымызды қазақша бiлуге құмар ете аламыз.

Билiк басындағылардың көпшiлiгi балалары мен немерелерiн тәрбиелеуде әлi күнге өзге тiлдi iлгерi тұтынады… Олар сол арқылы ұзақ уақыт билiк басында болуды армандайтын сияқты.

Сондықтан да елiмiздiң болашақ азаматтарын қазақ тiлдi етiп дайындау — ең маңызды мәселе!

Бала-бақшалар мен мектептердiң 70-80 пайызы қазақ тiлдi болганда, орыс тiлдi мектептерде қазақ тiлiн оқыту сағаты бар сабақтан жоғары тұрғанда ғана балалар қазақ тiлдi болып тәрбиеленедi…

Бұл мәселедегi ең бастысы — қазақтардың өз сезiмiндегi отаншылдық намыс болуы!

Кез-келген қазақ: “Ана тiлiм – тек қана анам емес, немерем мен шөберем де” дейтiн болса…

Кез-келген қазақ: "Баласы мен немересi ана тiлiнде сөйлемейтiндер — бұл өмiрден ұрпақсыз өткен жандардай!" — деген сезiмде жүрсе…

Ана тiлдi қорғау — Отанынды сыртқы басқыншы жаудан қорғау секiлдi нағыз патриоттық сезiммен iске асырар iс.

Бұл iске нағыз Отаншылдық сезiммен кiрiсу керек! Керек болғанда бiзге мәдениеттi, ешкiмдi қорламайтын, ешкiмге күш көрсетпейтiн Отаншылдық керек.

Отан деген сөздiң — отбасы сөзiнен шыққанын қазiр бiраз кiсiлер мойындап, бiраз ғалымдар дәлелдеп болған.

Қайталап айтсақ "Ел болам десең бесiгiндi түзе!"…

Ал қазақ  жастарына айтарымыз олар бiр-бiрмен бiлiм жарысында бәсеке ретiнде қабылдайтын 6ip өмiрге кажеттi түйсiктi бойларына сiңiру қажет ceкiлдi…

Сонда бiз болашақ Қаақстан үшiн де, болашақ қазақтар үшiн де, ана тiлiмiз үшiн де уайым шегiп, қайғы жемеген болар едiк…

 

Ақтау қаласы

 

 

Запись опубликована в рубрике Ұлт болмысы. Ана тілі. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Комментарии запрещены.