Тәуелсіздік

 

 «Тәуелсіздік» сөзінің соншалықты қастерлі де қасиетті ұғым болып адам болмысына сіңуінің себебі біреуге тәуелді болудың, әсіресе сөз сөйлеу мен ой ойлау бостандығынан айрылудың адам санасына салар салмағының ауырлығынан болса керек. Ол салмақтан құтылу, ешкімге тәуелді болмау қуанышын сезіну адам баласы үшін нағыз арман. 
Біздер елімізді тәуелсіз мемлекет дейміз. Өзімізді тәуелсіз мемлекеттің еркін адамдары дейміз. 
Иншалла, тәуелсіздігіміз мәңгілік болғай! 
Иншалла, еркіндігіміз қуанышқа толы болғай! 
Бірақ сол тәуелсіздік пен еркіндік басымызда бар екен деп, олар туралы ой толғамауға болмайтын болар. 
Ал ойландық делік… 
Сонда  абсолютті тәуелсіздік бола ма? 
Адам өзін қаншалықты еркін сезіне алады? 
Сұрақтар ойға жетектейді. Ойдан тағы да сұрақтар балалай бастайды…
 
Тәуелсіздік қоғамға, қоғам мүшелеріне толық еркіндік бере ала ма? Мысалға ең дамыған Америка мен ең мұнайлы ел Сауд Арабтарын алалық. Солар тәуелсіз елдер ме? Егжей-тегжейлі ойланып қарасақ олардың да біреулерге, бір нәрселерге тәуелді екенін байқаймыз.
Бүгін Америкада бір барелл мұнай бағасы 55 доллар деп хабарлады. Егер басқа елдер ауыз біріктіріп оларға мұнай өнімдерін бермей қалса не болар еді? Барлық өндіріс тоқтар еді. Америка елінде жұмыссыздық, содан туындар бейбастықтық басталар еді. Сол секілді арабтар мұнайын өткізе алмаса, олар да әлгідей жағдайға ұшыраған болар еді. Бұлар өндіріс мәселесі.
Ал адамдар қалай? 
Адамдар ешкімге тәуелсіз өмір сүре ала ма? 
Жоқ! Олар да ешкімге тәуелді болмай өмір сүре алмайды.
Олар әуелі Алласына (егер дінге сенсе) тәуелді. Ал Аллаға сенгендер ешқашан артық қадам баспас болар. Олар басқалармен санаса өмір сүреді. Олар ешкімді алдамайды. Жамандыққа қолы, сатқындыққа жүрегі дауаламайды. Өздерін тежеп өмір сүреді.
Сонда тәуелсіздік мемлекет пен адамдарға не береді?..
Мемлекет өз елінің мүддесін бүкіл әлемдік аренаға шығара алады.  Мемлекет мүддесін ел азаматтарының мүддесімен ұштастыра, азаматтарының ұлттық рухын, басқалармен тең дәрежелі намысын қалыптастыру жолында  еңбек ете алады.
Адам тәуелсіздігі, адам еркіндігі бұл өте сан қырлы, күрделі мәселе.
Адамдар құлқы бір қалыпқа сыймайтын құбылыс. Оларды бір стандартты қалыпқа қатаң диктатура ғана (одан Құдай сақтағай) сыйғызып ұстап тұра алмақ.
Дегенмен барлық ұлт жанды пендеге ортақ бір нәрсе бар. Ол елінің тәуелсіз екеніне деген шексіз қуанышы, содан туындар мақтанышы. Сол тәуелсіздікке жетер жолда тер мен қан төккендерге деген шексіз ризашылық сезімі. Солар оятар кісінің рух тәуелсіздігі. Сол рухпен тәрбиеленер адам еркі.
Ұлы Гете ақын тектен-текке:
…Малыңды жоғалттың – біраз жоғалттың,
Арыңды жоғалттың – көп жоғалттың,
Еркіңді жоғалттың – бәрін жоғалттың – демеген болар.
 
Енді біздер жалпы тәуелсіздік туралы емес «тәуелсіз мемлекеттің»  «тәуелді азаматтары» туралы ойланып көрелік…
Біз тәуелсіз елдің тәуелсіз азаматтарымыз… Әркім өз қалауымен өз өмірін ұйымдастыра алады. Бірі ізгілік мен қайырым жолына түсіп жатса, енді бірі демократия деген ұлы сөздер мағынасын  тек қана өз басына пайдаға асыру мақсатында алдымен байлық, соңынан билік жағын қамдамақ. Есіз жатқан байлық жоқ, олар алғашқы қадамын заңға қайшы әрекеттерден бастайды. Жеткілікті байлық жинақтағанша билік басындағылар ығында болады да, енді өзім де «Мен» бола аламын деген кезде халық қамқоршысы бола кетеді екен. Халықтың қаншама жыл қамқоры болған мемлекетті олар халық жауы деп жариялап шыға келеді. 
Билікке жету жолында мал шашу, дауыс алу жолындағы жалған қамқоршылық пен өтірік жалалар…
замандастарымның бойындағы билікке деген құмарлық… Содан туындар билік басындағылардың жеке кісілер тағдырына, тұтас ел тағдырына деген немқұрайлылық… Кей – кейде маған бір сорақы ой келеді…
Бұл адамдар екі нәрсеге тәуелділер, екі ауруға шалдыққандар. 
  Алғашқысы – ақша. Ақша шындығында бәріне де керек. Адамдардың бір тобы сол ақша атты құдіретке табынып, соның жолында арын жоғалта, ессіздікке ұрына әрекет етеді. Бұлар ақшадан соң жанын жегідей жеп жатырған «тақ құмарлық» ауруына
 
Ал енді бір тобы, көпшілігі, «қанағат» атты ақшадан да құдіреттірек сезімді ноқталай алғандар. Сол сезімді билей білгендер.
…Бір құдіретті күш бар қазақты жинап алып: «Байтақ Қазақ жерін онға бөлемін. Кәне сол онды басқаратын он кісі табыла ма іштеріңнен десе», –  масқара-ай, «мен, мен, мен» дейтіндер табылар ма еді, бұ қазақтардың іштерінен?.. 
 
Запись опубликована в рубрике Ойлар……. Ойлар…………. дәптері. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Комментарии запрещены.