Сәулет өнеріндегі ұлт болмысы

 

Ұлт болмысы туралы, ұлт ерекшегігі туралы айтылған да, жазылған да пікірлер көп. Біздің бұл мақаламыз солардың бірі болмақ. Бірақ біз бұл мақала арқауы етіп қазақ халқының сәулет өнері, соның ішінде зираттық туындылары туралы әңгіме етпек болып отырмыз.

Кейбір қазақ халқы туралы өз пікірлері қалыптаспаған шала сауатты тарихшылар мен саясаткерлер және солардан тәрбие алған біреулер қазақ халқын ұлт болып қалыптасып үлгермеген адамдар қоғамы деп сендірмек болады.

Құдайға шүкір, ондай ойлылар ішінен біз сәулетшілер мен археологтарды кездестірмедік. Оның себебі де бар секілді. Өйткені олар қазақ даласын кезе, ой-шұқырын зерттей жүріп өз пікірлерін қалыптастыратындардан. Олар біреулердің пікіріне сүйенбейді, көзімен көргеніне, қолымен ұстағанына сенеді.

Археологтар тастағы салынған суреттер мен аршылған қалалардан, көне мұрағаттардан өз ата-бабаларын танып жатса, сәулетшілер де бір заманда иленген қыштар мен қазылған жертөледен, қаланған тастар мен тұрғызылған кесенелерден өз бойындағы өнер бастауын танып жатады.  Осы орайда айта кетуге тұратын бір нәрсе, ол Кеңес өкіметі кезінде оқу орындарында ұлттық сәулет өнері деген сабақ жүргізілмесе де, соңғы жүз жылға жуық мезгілде таза ұлттық бір де бір ғимрат не ескерткіш тұрғызылмаса да, ұлттық қолтаңба, ұлттық шеберлік деген түсініктер қағаз бетінен көрініс таппаса да ата-бабаның сәулетшілік өнерін, әсіресе зираттық сәулет өнеріндегі ерекшеліктерін бодандық жылдар жоғалта алмапты.

Қазақстан егемендігін алған күннен бастап жаңбырдан кейінгі құлпырып шыға келетін дала гүліндей әр ауылда оқыған, оқымаған шеберлердің не жерден көктеп шығып жатқаны белгісіз, не аспаннан жауып жатқаны белгісіз, әйтеуір, қазақ даласын жаңа ескерткіштерге толтырды да жіберді.

Сөйтсе ұлттық болмыс ұлт бойынан өшпейді екен. Оны Аллатағала адам бойынан өшпейтіндей етіп жаратады екен. Сан ұрпақ бойы ешкім қолына алмаған өнерді баяғы қаз-қалпында жалғастырып алды да кетті.

Солардың қатарында біз де болдық. Осы жылдар ішінде біздің  ойымыз бен қолымыздан бірнеше ескерткіштер шықты. Мамандығымыз құрылысшы, әуестігіміз сәулетшілік болып үндестік тапса, ойымыз бен ісімізде де үндестік байқалып жатты.

Зираттық сәулет ескерткіштерінің ата-бабадан қалған мәдени мұра екенін бала кезден бойға сіңіріп өскен секілдіміз. Біз өскен Маңғыстау өлкесінде бұл өнер қазақ халқының осы бағыттағы ең жоғары деңгейге көтерілген жерлерінің бірі болды. Бұл өлке қалаған сұлбаға келтіруге, ойып өрнектеуге бейім тастардың мол қоры бар жер. Тұтас қазақ халқы секілді байтағымыздың батыс шетін мекендеген тайпалар көшпелі өмір сүріп, көпшілігі өздеріне айтарлықтай тұрғын үйлер салуға мән бермегенмен “о дүниелік” болғандарына өнерін де, малын да аямаған халық. Бірақ олар мүрде басына тас үйе беруден аулақ болған секілді. Зираттық ескерткіштер мүрденің жастығы мен қарілігінен, байлығы мен кедейлігінен, батырлығы мен пақырлығынан да, сол секілді байлығына, деректер беріп тұрады.

Зираттық сәулет ескерткіштерден қазақ халқының ойы мен философиясынан да мағұлымат алуға болады.

Ескеткіштерден қазақ халқының өнерінің эволюциялық даму процецестерін де анық байқайсың. Мүмкін әу баста мүрде басына тас та шаншымаған болар. Бірте-бірте мүрде басына тас шаншып, одан кейін тас үйіп, кейін үйген тасты тәртіпке келтіріп қоршап бастаған секілді. Адам талғамы үнемі жетілу үстінде. Енді қоршау тастарды бір тәртіпке салып, өңделмеген тастарды реттеп қалау, өңделмеген тастардан бір геометриялық фигура жасай қалау, қаланған тастардың сыртқы беттерін тәртіпке келтіру, қаланатын тастардың жан-жағын түгелдей өңдеу, қаланатын тастардың алты жазықтыған өңдеп бір өлшемге келтіру секілді жұмыстар тізбегі жалғасып жатыр…

Содан барып жай қоршау керегетамға айналған, керегетам өңделген сағанаға айналған. Сағана басын иіп әкеліп біріктірсе, күмбез пайда болады екен.  Содан барып күмбез пайда болған секілді…

Жай тас шаншудан құлпытас дәрежесіне көтерілу…

Жер шарының моделін қайталауға тырысу…

Күмбез бен дөңгелек қазақ халқының негізгі ойы, философиясы, өнері…

Барлық ойын тек қана күмбез бен дөңгелек маңында өрбітіп, жетілдірген.

Зергерлік бұйымдары

Ағаш үйі

Жерасты мешіттері

Күмбездері

Барлығы да шексіздікке арналған…

Әлемдік жаратылыс заңдылықтар

Соншама жыл билеушілер ұмыттыруға тырысқанмен тас ескерткіштер өздерін өздері үгіттеумен болды. Келіп қарағандар ішінен танитын көзге, бата етіп қол жайғандар ішінен көкірегі ойлыларға “менмін” деп тұратын сол ескерткіштер, ұрпақ санасының қалыптасуына, аталар өнеріне құрметпен қарауға міндеттеп тұратын. Соның арқасында тас өнерін қалпына келтіру қиын соқпады. Өйткені ол халыққа керек еді. Халық оны сағынған болатын.

Сондай кез туғанда халық жабыла тас қалап, ескерткіштер тұрғызып, тындырған істерінен рахат тауып жатты.

Біз де солардың ішінде болдық. Бірақ біз алдымызға мақсат қоя білдік. Сан ғасырлар тұрған күмбездерді қайталау, ол көшірмешінің жұмысы болар еді. Шығармашылық керек болды. Халқымыздың қолтаңбасын сақтай отырып, осы өнердегі жеткен бигін биіктете түсу керек болды. Қазақ күмбезінің күмбездік қасиетін сақтай отырып, оларды жетістіру қажеттігін түсіндік. Сол мақсатта Абыл ақыл күмбезі… Ол сезімді кісіге өзін-өзі таныстырып тұр.

Ол мен ақынның күмбезімін дейді. Өйткені мені сәулетші төрт домбыра өмірге әкелді дейді. Мен қазақ халқының  мүлкімін, қазақ халқы өнерлі халық дейді.

Мен батыр бабаларыңа қойылған ескерткішпін дейді.

Менжерде де, көкте де Домалақ анамын дейді Жер астында жайы қандай болса, жер үстіндегі жайы сондай. Бәйдібектің жарымын дейді Бәйдібектің жеті баласының анасымын дейді. Басыма жеті балам жер астында да, жер үстінде де жеті шырақ жағып, құрмет көрсетеді дейді. Мен солардың басын біріктірушімін, солардың ынтымағының қамқаршысымын дейді. Мені салған сәулетші әлем жаратылысы ойланған дейді. Әлемнің төрт жақта төрт жағы…

Батыс… Ол барлығыңның болашақ барар жерің. Мен де сол жақтамын дейді. Ол жақ туралы ойланатындар, менің кесенемнің батыс бетіндегі түнемелге отырып, бір түн ұйқысыз өткізсін деді.

Шығыс бет өмір басы. Сондықтан ол жаққа артына ұрпақ қалдырғысы келіп бала сағынғандардың Алласына жалынатын, әулиесінен медет сұрайтын жері.

Оңтүстік Құбыла бағыт. Бұл түнемелге мұсылмандық жолға түскендердің оңаша ой толғауы үшін, мүмкіншілігінше Алласымен, әулиесімен сырласуы үшін жасақталған. Адам тіршілік иесі, сана иесі. Сондықтан да бір шаруасы тынып жатса, бір шаруасы жөнделмей жатады. Адамдар бұл істері мен ойларына жаратқанының жақтасуын, табынарының желеп-жебеп жіберуіне мұқтаж. Сондай шаруаларына арналып солтүстік жақта бір түнемел салынды дейді.

Менің атым ғана домалақ емес, Жаратылыс солай дейді. Кесене бұрышсыз сегіз жапырақтан жаратылып, оның жетеуі Бәйдібектің жеті ұлына

 

 

Запись опубликована в рубрике Өнер. Кесенелер. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Комментарии запрещены.