Парыз деген ұғымның айтары мол

 

Бүкiл әлемнiң алтыдан бipiн алып жаткан алып империяға кiрген әр түрлi ұлт өкiлдерi, әрқайсысы өз шаңырағын көтеpiп, өз ошағынан түтiн түтетiп жатқан осы шақта қазақ ата ұрпақтарының қамсыз қалуы, бiрiншiден, өзiңнiң, екiншiден, ұрпағыңның, үшiншiден. ата-баба аруағының алдында кешiрiлмес күнә болар едi.

Сондықтан барлық қазақ баласына — мансаптысы мен мансапсызына, данасы мен шаласына, пысығы мен момынына, ынталысы мен ынжығына, әңгүртi мен мәңгүртiне, тiптi қазақтың, қолынан ел болу қайдан келсiн дейтiн басының дымы кеппегендерiне — барлығына ел атынан койылатын 6ip талап, 6ip сұрақ болу керек. Оны талап де, сұрақ де — жалғыз ғана аты бар. Ол — парыз.

Неге десеңiз кешегi ата-бабаның аруағын аузына алғанды дiншiл деп, ұлт алдындағы борышын өтегендi ұлтшыл деп, халқының ертеңгiсiн ойлағанды сұмсың деп, ана тiлiн ардақтағанды жаусың деп ат қойып, айдарыңды ерiп жатқан заманда парыз cөзi қазақтың тiлiнен түсiп қалуға айналды.

Масқара болып ата мен бала соттасып, алимент алатын шаққа жеттiк, ортамыздан анасы нәрестесiн, баласы әкесiн жетiмдер үйiне тапсыратындар шықты. Апаны «ма­ма» дейтiн, көкенi «папа» дейтiн, аузымыздан арақсыз ас жүpмeйтiн, қазақша 6ip ауыз өлең айтсаң, аудармасын қосып айтатын «мәдениетке» жеттiк. Жоспар орындаймын деп арғымақты етке тапсырдық, ақбөкендi аспаннан қырдық. Асылың азды, қымбатың тозды, осылар туралы сөз қозғаған iстi болды, әпер6ақан ағаиынның делебесi қозды. Парыз ұмытылды.

Miнe, ендi тәуелсiз ел болдық. Империя өзiнiң бұйдасын қолынан шығаруға айнал­ды. Бұл мүмкiн, тарихи мiндеттi құ6ылыс болар, бiрақ мен өзiм осы аласапыранда 6илiгiмдi мықтаймын деп қателескенге де, мықтыдан да мьқты боламын деп жағалacқaғa да, әрине, қазақ халқының тәуелсiздiгiн қамтамасыз еткен қазақ азаматтарына да алғысымды аямаймын. Ең бастысы бостандыққа кол жеткен сияқты. Алда жалғыз-ақ мақсат — қол жеткендi баянды ету.

Ойланатын    6ip    нәрсе — басы    бостың бәрi бостандықта ма? Қадыр ақынның бiр өлең жолын сәл өзгертiп айтсақ “Қазақ болып туу оңай болғанмен, қазақ болып қалу көп қиын» болып тұрған бұл заманда барлық қарындастың арман-мақсаты өз ошағының оты мен қарақан басының қамын қазақ ретiнде қамдауы керек, басының бостандығын, арының тазалығын қазақ бола жүрiп қамтамасыз етуi  мiндет.

Ол үшiн не қажет? Ойланып қарасақ, ат шаптырып iздеу салатын ештеңенiң қажетi жоқ екен. Бар 6oлғaны — парыз деген қасиеттi сөздiң бар екенiн еске алсаң болғаны. Алдымен ұлтыңның және ата-бабаның рухы сiңген, өзiңнiң қаның мен тәнiң жаралған топырақ алдындағы, содан кейiн өзiңдi қоршаған адамдар алдындағы, ең соңында ұрпағың мен болашағың aлдындaғы мiдетiңдi еске алсаң болғаны. Тек есiңе алып қана коймай, қолыңнан келгенiңше iсiңдi адал орындап жүрсең, барлық уақытта саған алдымен адам атын берген, содан соң қазақ атын берген қасиетке табына жүрсең болғаны.

Парыз деген қасиеттi сөз барлығымызға да өткенге бас июге, тiршiлiк үшiн күресуге, болашақты ойлауға мiндеттейдi.

Парыз алдында адал болайық, ағайын.

Парызға адалдық тәуелсiз ел болып қалуыңды, ұлт ретiнде бостандықта болуыңды қамтамасыз етедi.

Ұлт бостандығы деген не? Ол өзiңдi-өзiң сыйлай бiлу, әдет-ғұрпыңды қастерлеу, ана тiлiңдi ардақтау аруаққа бас ию…

Аруаққа бас игеннен, тұсынан өтiп бара жатып «желей гөр, жебей гөр» деп бет сипағаннан, түсiңе кiрген қарттарыңның аруағына арнап жетi шелпек құдайы нан пiсiргеннен, өзiңнiң көңiлiңдi  тазартқаннан басқа, ұрпағьңа үлгi бергеннен басқа келiп-кетер зиян бар ма? Кейбiр көзi ашық деген журналистерiмiз қыста аштан қырылған қойда шаруасы жоқ, шалдардың садақаға сойған малый санайтын болыпты… Ата салтын ардақтау жаныңды тазарта түспей ме? Басқа ел мәдениетiн ардақтағанда тапқанымыз — арақ құйылған ыдысты ардағыңдай қастерлеп жоғары көтерiп тұрмасаң, аузыңа ас, көкiрегiңе ой түспей-тiндей болмады ма? Iшпейтiн қарттарымыздың өзi соны ұстамаса сөйлей алмайтын жағдайға жетпедi ме? Сонда тапқаны­мыз не? Жиын-тойда қаншама сағат сарылып отырып тост айту мәдениетке айналды. Атадан өнеге көрмеген жастан ертең  ештеңе дәметуге хақың жоқ. Осы күнi жастарды мәңгүрт деп атауға құмарлар көбейiп кеттi, ал егер ондайлар бар болса, оны iстеген бiз өзiмiз — үлкендер екенiн мойындағымыз келмейдi.

Бұрын қазақтың жауы арақ дел саналы азаматтар айтып жүретiн. Ендi одан да қауiптiлеу  тағы 6ip жау косылды. Ол — құмар оиыны, карта. Ауылдық жерлерде қонаққа шақырылған азаматтар өзiнен 6ip-екi шыны шайды көп iшкен кiciнi ала көзiмен атып отыратынды шығарды. Miнiп келген машинасын ұттырып кеткендер де болыпты. Қонаққа жиналған азаматтардың аузы арақтан, қолы картадан босамаса, сонда ол не? Ұрпағың не көредi, не естидi? Сол ұрпақтың бүгiн бiраз азаматтарды қонаққа шақырдық дегенде көретiнi — бipгe келiп, жалғыз қайтқан әйелдер ме? Әлде көк түтiннен көрiнбей, тiлi анда-санда жүз грамм сұрауға келген «аза­маттар» ма? Әлде таңертең сабаққа барайын деп кiтабын iздегенде көpepi отырған-отырған жерiнде киiмшең құлай кеткен, босаған арақтың шөлмегiне ұқсап сұлап жатқандар ма? Miнe, осыдан барып 6iздiң балаларымыз азамат дегеннiң кiм екенiн таниды, азаматшылықтың деңгейiн пайым-дайды. Осындайлар «мен қазақпын» деп  көкiрек қақанымен ұрпақ алдында кешiрiлмес күнәға батып, қазақты мазаққа айналдырып жүр.

Miнe, ағайын, өз елiңдi өзiнiң ұлттық мәдениетi бар, сұратпай танылатын өзiндiк келбетi бар ел ретiнде көргiң келсе, азаматтык парызыцды адал аткар.

Парызына адалдын, ары таза.

                                                                            

 

Сайын Назарбекұлы

Маңғыстау облысы,

Ералиев ауданы.

 

 

 

Запись опубликована в рубрике Ұлт болмысы. Ана тілі. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Комментарии запрещены.