Куриш

 

"Мағыстау", 16.10.2004.

                                                                         

Көзіндей қайқылардың Күріш сері

 

        “Ой” атты ерекше қасиетке ие адам пенделері “пайғамбар жасы” дейтін кезеңге жеткен шақта “не тындырдым” деген сұрақ қойып, өзіне-өзі ойша есеп беретін болса керек. Басқаны қайдам, осындай сұраққа жауап берерде Күріш Құбашұлы Тасболатов мырза, Күріш сері, көп уайымға батпайды-ау деп ойлаймыз. Өйткені ол тек қана Маңғыстау өңіріне емес Қазақстанға, Қазақстанға емес бір кездегі тұтас Кеңес өкіметі кеңістігіне, біраз шет елдерге аты кеңінен танымал өнерпаз болды, “әнші Кұріш” аталды.  Еліне де өнерге де риясыз еңбек етті. Оның өнері ондаған, жүздеген Күрішше айтатын жаңа әншілер қауымын өмірге әкелді. Сүгір жыраудың “Қашаған, Сәттіғұлдай болмасамда, елу жыл тойларыңды амалдадым” дейтініндей, міне елу жыл бойы Күрекең әнімен таңымыз атып, Күрекең әнімен күніміз батып келеді.  Ел-жұртын әнге бөлей ол да кемеңгерлік шаққа, кемелденер жобаға, “пайғамбар жасына” жетіп қалыпты.

Бір жылы туғандарды құрдастар дейді халқымыз. Мен секілді жыл басында туған марқалар да, Күріш секілді жыл соңында туған “жастар” да “бір жылдың төлі” делініп, “құрдас” аталады. “Құрдас” сөзі арқылы қазақ халқы өз ұлдарына ағайындық пен бауыр болудың, достық пен сыйлас болудың тағы да бір амалын жасап беріпті. Сол “құрдас” сөзінің жүгі арқылы, Күріш өнерінің құдіреті арқылы менің де Күрішке деген ықыласым мен құрметім жасақталды, ерекеше оған деген сезім қалыптасты. Одан бір жасқа жуық ересек болсам дағы мен оған өмір бойы сәлем беруден жалыққан емеспін және оны ұлық тұтып, оған кішілік ететініме өзіме-өзім ризамын да.

        Күрішті үлық тұту менің болмысыма қалай қалыптасты?.. Осы түсінік маған бірден пайда бола кетпеген болар, ол ұзақ жылдар бойғы құрдастық сыйластықтың, өнерге деген құрметтің қортындысы болуы керек… Менің Күріш әншінің ұлылығына деген, нақ асыл өнерге деген  құріметім болар…

        “Кісі өз елінде пайғамбар бола алмайды” дейді екен. Дей тұрғанмен Маңғыстауда Күріш беделі жоғары екенін мойындауымыз керек. Ол беделді ол таза еңбегімен алды. Ал менің жеке өз басыма ол кісіні ұлық тұту сезімі қалай қалыптасты, қалай сіңісті деген сұраққа жауап іздейтін болсақ, онда естеліктер арқылы өмір жолын бір сүзіп қарап шығу қажет болар…

        …Екінші, әлде үшінші сынып оқитын жылдары біздің “Жаңа-күш” колхозына Құбаш Тасболатов деген кісі бастық болып келді. Менімен жасты, Күріш атты ұлы бар екен. Сол жылы бір жас орыс қызы да Тиген бастауыш мектебіне келіп жұмысқа тұрды. Алғашқы сабақтардың бірінде орыс апайымыз бір баланы тақтаға шығарып бір сөзді жазғызса, әлгі бала қате жазған болуы керек, апайымыз шүлдірлеп бізден бірдеңе сұрап жатты. Біз орысша сөз айтпақ түгілі, орыс тұқымдас адам пендесін көрмеген, апайымыз “ам-ям” деген жұрнақтарды зорлағанда айтқыза  алмайтын дәрежедегі ауыл балалары едік. Сол кезде қол көтеріп, апаймен орысша сөйлескен Күріш “на место “и” пишется “ы” дегені… Сол сәт әлі күнге менің көз алдымда. Өзімдей бала, орысша судай ағып тұр!.. Ол орыс қызбен кәдімгідей сөйлесетін секілді еді… Біз ол заманда одан асқан өнер бар деп ойламайтынбыз…

        …Күріште өнер көп екен. Ән салатыны, домбыра тартатыны жұрт аузына іліне бастады. Бір күні ол мені үйіне ерітіп апарды. Домбыра тартты. Содан бір уақытта “саған домбыра тартуды үйретейін” деп, “комсомолдар қаһарман, Ленин бізге жол салған” деген өлеңді үйрете бастады… Менің домбыра үйренуден алған дәрісімнің бас-аяғы сол болды, бірақ әлі күнге, содан бері елу жылдан астам уақыт өтсе дағы Күріш үйреткен сол екі-үш қағыс есімде қалыпты…

…1987 жылы, қырық алты жасымда, алғашқы төрт шумақтан тұратын өлеңімді жазып, мен ақыры ақын атанған адаммын. Сол алғашқы әнімді бірінші деген санмен белгілеппін. Ал 22.06.1988 жылы қатар саны тоғызыншы, оныншы деген әндерімді жазып, екеуінде Күрішке арнаппын. Толық келтіруге ән деген аты болмаса, атқарып тұрған қызметі жеңілдеу болғандықтан ұялыңқырап, үзінді келтіріп отырмын. Бала кезінде Күрішті аппақтығына бола Ақкүріш деп атайтын.

 

                           Àº ʾðiø ¸íiíå

(Àäàéäû» á½ëá½ëûíà,

жiãiòòi» ä¾ëä¾ëiíå àðíàäûì).

 

…Äàëàíû äàðõàí êåðíåãåí

°íi åêåí ʾðiø òåðáåãåí.

Ñàìàë æåë ñàñûï ºàëóëû

°í-ê¾éií ¸ëi áåðìåãåí.

 

Ìàºòàíàð øû»äàð ñîë êåçäå –

Æ໹ûðûº òàçà øûºòû äåï.

Ìàºòàíàð ºàìûñ º½ðà¹û

Ñûðûìäû ìåíi» ½ºòû äåï.

 

                            ʾðiø º½ðäàñûìà

(қысқартылып алынды)

……………………………

Ñèðåê òóàð àñûëäàð

Ñåãiç ºûðëû áið ñûðëû.

Òû»äà»ûçäàð æiãiòòåð

Øåøiï áåðåì á½ë ñûðäû.

 

Äàóñû» áîëñà íå ñûðëû –

Æåëiíåí äàëà ໹àðäû».

Ѽçi» áîëñà ñóñûíäû –

Ò¾ñiíäi» æàíûí øàëäàðäû».

 

Ñûðû» áîëñà ñèºûðëû  –

Æå»ãåëåði» ñûé ºûëäû.

Òàçàëû¹û» – ñåáåái

Á½ëà¹û åðêå Æû»¹ûëäû.

À»¹àëäû¹û» áàð áîëñà –

Æûðëàðûíàí áàòûðäû».

Àºûëäû áîëñà» îðòàäà –

´ñòi» ¹îé àëòûí îðäàäà.

 

Ìiíñiç áîëñà» òåï-òåãiñ –

Êií¸ëi î¹àí µëàíàº.

Òå»ãåðñåì ºàíäàé àñûë¹à

Құрдасым ñî¹àí ò½ðàäû-àº.

 

Àéòûëìàé ºàë¹àí ñ¼ç áîëñà

Ақының áîëñûí êi¸ëi-຅

                            22.06.1988 æ

 

        …Алматы политехникалық институтының инженер-құрылыс факултетін бітіргеннен соң мені сол институтқа оқытушылық жұмысқа қалдырды. Атақты Әбіш Кекілбаевпен Ұштаған мектебінде бір оқып едім. Алматыда үйінде жиі болып тұратынмын. Әбіш үйі қаладағы жас ақын-жазушылардың клубы секілді еді. Менің жалпы өмір туралы, ұлттық мәселелер туралы пікірлерімнің қалыптасуына Әбекең үйінде болатын жиындар септігін тигізбей қалмаған болар деп ойлаймын. Сондай бір жиында Маңғыстау әндері туралы әңгіме болып, Әбіш магнетефоннан бір ән жіберді…

…Жігіттер бір-екі ауыз ән салдым деп, 

Несіне аттан түсіп талтаңдадың… Тыңдаушылардың бірі Жұмекен Нажмадинов болатын. Осы екі жолды қайта-қайта қайталап, дәмін ала тамсанып, Күріш әншінің ғажайып даусы туралы толғана сөйлеп кетіп еді… Мен сол күні бала күнімде ажырасып кеткен Күріш құрдасыммен сыртай қайта табысқан едім… Мен оны содан бастап сағынатын болдым…

…Міне содан бері де қырық жыл өтіпті. Осы қырық жыл бойы оның өнері менің өмір тіршілігімнің қажетіне рухани азық болып, болмысыма нәр таратқан қайнарлар бастауының бірі болды десем, бір ауыз жалған сөз, бір жұтым жалған ой қоспағаныма өзім сенімдімін.

Оның мінезі мен жүріс-тұрысы да кесек-кесек қылықтарға толы. Бір екі мысал келтіре кетелік…

…Алматының бір әдемі жазында екеуміз жаяулатып көше қыдырып келе жаттық. “Агентство” деген мекеменің қасынан өтіп бара жатыр екенбіз, соны  көріп қалт тұра қалып Күріш: “Сайын, мен Москваға ұшамын”, — деп, аяқ астынан бұзыла қалғаны. Жарайды дедік… Кассаға келіп билет сұрадық. Бүгінге де, ертеңге де билет жоқ болып шықты. Амал таусылып далаға шығып бара жатырмыз. Бір кезде ол маған жалт бұрылып “егер бүгінге билет тауып берсең бір билеттің құнындай, егер ертеңге тауып берсең, жарты құнындай ақша беремін” дегені. Мен Күріштің қамшылауымен кассир әйелге қайта келдім. Бар шындықты айтып жатырмын. Анау тұрған “странный, чудак человек” дедім. Егер сен оны бүгін Москваға ұшырып жібере алсаң, бір билет құнын екуміз қазір бөліп алар едік. Ал ертең ұшырсақ жарты билет құнын бөлісеміз дедім… Ол уақытта алпыс сом көп ақша болатын, кассир әйел екеуміз бір билет құнын бөлісіп, шала байып қалған болатынбыз…

…Мен 1990 жылы Москвада онкоауруына қарсы төртінші рет операция жасатпақ болып, ВОНЦ деген ауруханада жаттым. Бір кісі мені төменде біреудің шақырып тұрғанын айтты. Москвада мені кім іздеуші еді, әлгі бала қателескен болар деген оймен төмен түсе қоймадым. Бір уақытта сыпайы күліп, сынай қарап біздің бөлмемізге Күрекең кіріп келе жатыр екен… Сол сәтте мен шыныменен қуанған болатынмын…

Табиғаттың бір ғажабы туған жер мен жерлес дегендерге адам пейілін ерекше бұрып қойған ғой. Мен ұзақ жылдар Маңғыстаудан шетірек жүрдім. Талай сағыныш сезімдерін бастан өткіздік…

…Ойланып қаралықшы, алыста жүріп Маңғыстауын сағынған кісінің

көз алдына алдымен не келер еді…

… Маңғыстаудың шалқыған шалқар теңізі, оқшырайған Отпаны, төре тау Шерқаласы, тершіген Тамшалысы, опырылған Жығылғаны, Сауысқанның құмдары, ғажайып зираттық сәулет ескерткіштері, жүз қадам шыңыраулары, мүжілген қарт Қаратауы мен қолдан қашалып жасалғандай ақтаулары, сорлары мен даласы, шөлі мен суы, шұбаты мен балқаймағы, аржайы адамдары, сыпайы “сасып” тұрмайтын сөздері… құдайға шүкір, жалғастыра беруге болады екен… Біз солар ортасында өскесін осылайша еске түсіре аламыз.

…Ал Маңғыстауға келмеген, көрмеген, тек қана сырттай білетіндер оны қалай елестете алар еді…

Ол сұраққа ақын Темірхан Медетбек сөзімен жауап беруге болар. “Сержан – күй, Күріш – ән, Ізбасар – жыр” деген бір ауыз сөз бейтанысқа Маңғыстау өнерін, Маңғыстау өңірін айнытпай таныстырып  тұрған жоқ па…

Сержан!.. Күріш!.. Ізбасар!.. Бұлардың өнерлерінің толыса пісіп, өздерінің кемелденген шағы Кеңес өкіметі кезінде біз секілді бұратана елдердің өнерін, тілін, болмысын бірте-бірте жоспарлы түрде советтендіріп жатқан шақты, радио, теле каналдарының Маңғыстау туралы үнсіз жатқан шағына сәйкес келді.

Қызғанышқа бой алдырмай ойланып көрелікші… Әлгі үнсіздіктен үн асыру, әлгі қараңғы түнекті түнекті серпіп тастау,  бір тайпа елді өнердегі мәңгүрттіктен сақтап қалған Темірхан атаған кісілердің солардың ұстаздары мен шәкірттерінің қолынан келген болатын. Олар Алматы деп те жүгірмеді, астана деп те қызықпады. Өз елінің ортасында асылды түйірлеп жинап, көкірек қалтаға сала берді, пісіре, берді, тарата берді. Осылайша Маңғыстаудың ерекше өнерін “ұзынның қысқарған, жуанның жіңішкерген шағында” жалғастырып, келесі зерделі ұрпақ қазынасына айналдырып жіберген болатын. Олар тек қана өнердің жалғастырушы болып қалмады, бұлар Маңғыстау өнерінің өңін келтіре, сәнін толықтыра жалғап жіберді. Сондықтан да Сержанша күй тартатындар, Күрішше ән салатындар бұ күндері байтақ Қазақстанның түкпір-түкпірінен бүр жарып, өмірге келіп жатыр…

Күрішті тек қазақ әндерінің орындаушысы ретінде тануға болмас. Шіркін Күріш салған орыс романстарының әсері қаншалық десеңізші… Күріш романс сазына жан-жағын бөлеп жібергенде адам ойына “ол неге осы романстарды шырқамайды?.. Неге үлкен сахналарда ел жанын тербемейді?” секілді сұрақтар көмекейіңе өзінен-өзі кептеле бастайды. Біз бұл тақырыпқа оның өзімен сөйлесіп көрген жоқпыз. Бірақ ол орыс романсының жоқтаушысы да, айтушысы да жеткілікті деп ойлайтын болар. Барлық мүмкіншілігімді аттары өшіп кетуге айналған “Маңғыстау қайқыларын” тірілтуге еңбектенуді мақсат еткен секілді. Көңілді жиын –тойда айтқаны болмаса, үлкен сахнаға, теле-радио каналдарына өзге әндерді шығарып, насихаттағанын көрмедім. Ол тек қана Маңғыстау әндерін, Маңғыстауша айтуды арман еткендей…

        Күріш елуге толған жылы оған тағы бір ән арнаппын. Бұл өлең менің “Парыз” атты өлеңдер жинағым және үш томдық шығармалар жинағыма енді. Бұдан он үш жыл бұрын жазылған бұл өлең аз да болса арқасына салар жүгі бар секілді. Мәтінін толық беріп отырмын.

 

Ізі өзің атақты қайқылардың 

                          

Өнерді сен өмірге балап едің,

Өлең-жырға толы еді жан әлемің.

Талапайлап аузыңнан алып кетті,

Ақкүріш-ау, әніңді қалап елің!

 

Қай биікте шырқасаң алқынбаған,

Бұла қайнар көзісің сарқылмаған.

Шаршы топта шашаңа шаң жұқтырмай,

Шаттандырып келесің халқыңды әман!

 

Дәріптедің қылығын “сәйкілердің”,

Өз аузыңнан зар болып айтылар мұң.

Арман даусын жеткіздің заманыма,

Ізі өзің атақты “қайқылардың”.

 

Даусың жетті Досаттай жеті арқадан,

Өз үніңнен шерліден шер тарқаған.

Сағынышқа сағыныш жамап алып,

Кейде кетер дертіне дерт арта жан.

 

Күйіп-жану бар жанға арман едің,

Ғашық ұлың Күріштей бар ма, елім?

Ақбөбек пен Қайыптан кем түспейтін,

Махаббатты өнерге арнап едің.

 

Мүсіндеген өзіңді ұқыпты адам,

Дарқандығын дарытқан бұ құт далаң.

Тек өзіңе тапсырған аманатқа,

Кеудесінің кеңдігін Мұхит бабаң!

 

         Күріш әншінің рухани ұстаздары сонау Маңғыстау әншілері “Жеті қайқы” рухтарынан бастау алып жатса, өз от басы, әкеміз Құбекең мен анамыз Ұлекең де өнерлі кісілер болғаны белгілі. Құбекең үйі Маңғыстау жыршы-жыраулары мен ақын-абыздарының бас қосар үйлерінің бірі болған, әу бастан өнер қонған қасиетті шаңырақтардың бірі еді.

         Сонымен Күріш пайғамбар жасына толыпты!..

Бәріміздің атымыздан құтты болсын делік!..

Бірақ ол пайғамбар жасына жалғыз қара басымен келмеген секілді…

…Ойлап қарасақ Сержан, Күріш, Ізбасарлар және де осы мақалада  аты аталмаған басқа да өнерлі маңғыстаулықтар, тек қана өздерін емес Маңғыстау өнерін де пайғамбар жасына шығарып үлгерген секілді. Осылардың, оларды оқытқан ұстаздардың, олардан үйренген шәкірттердің арқасында бұ күндері Маңғыстау өнері нағыз дер шағында, нағыз кемелденіп “пайғамбар жасына” толған сәтінде. Сондықтан да осы жолда еңбек еткен біздің қымбатты замандасымыз Күрішке жүректе жатқан ризашылық та, ауызбен  айтар  алғысымыздың да шегі жоқ.

Мәртебең өсе берсін Күріш мырза!

Мұхит пен Досат бабаларың, Ғарифолла мен Жылгелді аталарың  рухтары саған о жақтан  разы болып жатырған болар деп ойлаймыз!..

Сенің ғажайып даусыңа талай тербелген Атырау мен Алтай арасы, Алатау мен Маңғыстау аспаны, Қазақстан байтағының ауа толқындары әлі де өз елін қуанта беретініне сенімдіміз.  Бәрінің де сені пайғамбар жасыңмен құттықтап жатырғанына сенеміз!..

Шырқай бер, шалқи бер, Күріш құрдасым!..

 

 

 

 

Запись опубликована в рубрике Тұлғалар туралы. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Комментарии запрещены.