Заман мен Адам. Байбоз Қилыбаев

 


(Байбоз Қилыбаевтың 110 жылдығына)

 

Өзін кедейлік пен жалшылықтан құтқарған, санасын “Мен ел азаматымын!” деген деңгейге жеткізген, дәрежесін алғашқы сьездеріне делегат етіп, замандастарының озық ойлыларымен қатар жүрердей, пікір таластырардай қайраткер дәрежесіне  көтерген заман – Байбоз Қилыбаевтың өз заманы секілді еді. Жаңа орнаған (өздері орнатқан) Кеңес өкіметі оның арманы, болашағындай болатын.

Бірақ заман ол ойлағандай болмай шықты. Заманның да, адамдардың әрекеті де қарапайым заңдылыққа бағына бермеген құбылыс екен. Байбоз Қилыбаевтың өмір сүрген заманда тағдыры талқыға түспеген адам қалмапты. Тіпті әлемді уысында ұстаған Сталин сыяқты тұлғаның тағдыры да көзін жұмар-жұмбаста айқайшының аузына, қымқырманың қойнына сыйып жүре беріпті.

Өз өкіметі келіп, өз дегені болатын секілді болған Байбоз Қилыбаев бар өмірін Кеңестік саясатқа шаң жұқтырмауға тырысумен өткізген кісі. Өз басына түскен қилы тозақтық дерлік азаптарды ол өкімет саясатынан емес, жеке кісілер сатқындығынан іздейді. Байбоз ақсақалдың архивтік құжаттарымен танысқанда, жасы отызға тола қоймаған, болмысынан талантты, армандары асқақ жас қайраткердің өз өмірін үлкен үмітпен бастағаны байқалып-ақ тұр.

Ол бір сөзінде: “Жизнь прекрасна тем, что она приносит в судьбу целого народа страны и отдельным индивидумам новые и новые жизненные импульсы, вкорне изменившие на ход событий и действия” (Воспоминание делегата (Байбоза Қилыбаева) на первом учредительном сьезде Советов ССР. Декабрь 1922 г.) – деп (біз тарихи құжаттардан өзгеріссіз алынған деректерді курсив әріптермен алдық), өмір айдынына өз желкенін көтеріп, тарих дауылымен күреске шығады. Бірақ оның заманмен жағаласуға, тарихпен тартысуға, табиғи талантын жүзеге асыруға уақыты тым аз болып шықты. Заман да, заман адамдары да Байбоз Қилыбаевтың ойы мен ісіне сәйкес келе қоймады. 

Заман адамдарды туғыза ма, жоқ әлде адамдардың замандағы өз орындары үшін жағаласы заманды туғыза ма, әйтеуір өмір деген кейбірелер үшін өз өмірі үшін арпалыс болатын секілді. Жан алып, жан берген арпалыс күндерді жирмасыншы ғасырдың бірінші жартысында өмір сүргендердің бәрі басынан өткізіпті.   Дүние жүзіне социалистік революцияны ала келген сол жылдар заманы дүниені дүр сілкіндірген заман болса, адамдары да осал болмаған секілді. Сол заман адамдарының соншалықты ірі тұлғалар болуына байланысты, билік үшін күрес те соншалықты күрделі, айлалы болған болар, олар “итжығыс” түсе жүріп, өз заманын тұрақты ете алмайды. Біреулер біреулерді жеңіп жатады. Содан барып заманның жеңген тұлғаларға бейімделіп өзгеріп тұрған сыңайы бар. Қайта-қайта пиғылы мен мінезін өзгертіп жатқан заманнан запы болған халықтардың да басына сан қилы күн туып тұрса керек.  Сол замандар қазақ халқына  “бүгініміз мынадай, ертеңіміз не болып кетер екен?” дегізіп, ойын онға жүгірткен секілді. Боран бұлты, ендігі жұт қай жақтан келіп қалар екен деп аспанына жалтақтаған шаруадай, адамдар, тұтас халық “қатер қайдан” деп басқа түскен тағдырына бағына, саясат аспанына алаңдаумен бір ғасырға жуық өмірін өткізіпті.

Аумалы-төкпелі заман қазақ халқына сол бір жылдары небір дарынды, небір ойлы азаматтарды тұлғалаған екен. Сол дүние жүзілік сілкініс, қазақ даласын да,  Маңғыстау өлкесін айналып кете алмаса керек. Тіпті осы өлкеге көбірек көңіл аударған ба деп қаласыз. Жалау Мыңбаев, Тобанияз, Ораз Оңғалбаев, Кубеев, Алшын,  Сәттіғұл, Сүгір, Байбоз Қилыбаев… 

Тізімді жалғастыра беруге болар еді. Бірақ біздің бүгінгі мақаламыздың иесі бір кісі –  Байбоз Қилыбаев.

Байбоз 1897 жылы туған. Сәті түсіп 1909-1912 жылдары екі жылдық орыс мектебінде оқып сауат ашады. Революция заманы біраз қайраткерлерді тәрбиелеп шыққан. Біздің кейіпкерімізді де заман ағыны құшағына алған секілді.   Ол  да өз заманының ұлы болып туып, көрнекті тұлға ретінде елін заманына, заманын еліне бейімдеуге тырысқан.

Байбоз туысынан дарынды туған пенделердің бірі секілді. Табиғи зерделілігіне қайтпас қайсарлығы қосылғанда, ол өз шындығы үшін өмірінің соңғы сәтіне дейін күресіп өткен тұлға. Оның көрнекті күрескер, ел санасарлық тұлға болғандығын, өз замандастары түгілі артқы буындардың да есепке алғандығын дәлелдер құжаттар (біз барлық құжаттарды Байбоз ақсақалдың өз архивынан, баласы Сәрсеннің қолынан алдық) көп. Мысал үшін Маңғыстау тарихын қалыптастыруға зор еңбегі сіңген Есбол Өмірбаевтың бір хатын келтіре кетелік.

Жолдас Қилыбаевқа

Біз аманбыз. Жақында Шабден Ералиевтің баласы мен інісі келді. Шабденнің қызмет бабынан бірталай документтер әкелді… Адай округінде 3-айға жетер-жетпес қызмет еткен, біздің музейдегі суреті жалған болды, баласы жаңа сурет әкелді, ең қолайсызы баласы мен інісі саяси сауасыздығы болар: “Адай арасынан тірі қайтуымыз екі талай” деп келгендіктері ұнамсыз болды… Адай қазақтарына сенімсіз боп келгендігін жасырған жоқ.

Ералиевтің ескерткіші музей экспонатында болғандықтан мен өткен жылы Верхов.Судтан Ералиев жайынан кінәлі адамдарды сұрағанымда, ол туралы, жазаланған 6-кісінің бәрі де ақталды, Ералиев жайлы ешкім кінәлі емес” – деп анықтама берген еді… Әрине, бұл мәселеде кім кінәлі, оны табу қиын сияқты.

                            Сәлеммен Есбол.    20 декабрь 1966 жыл.

 

Біздің сол замандағы басшыларымыз бен баспасөз беттері, кейбір жеке кісілер Байбоз Қилыбаевтың қайыспас қайсарлығынан туындаған мінезін, өзі мен өз шындығын қорғауға тырысқан әрекетін дұрыс түсінбеді. О кісіні “арыз” жазуға бейім кісі деп көрсетуге тырысып бақты. Қилыбаевқа жала жапқан көзі тірі замандастары сол әңгімені үдете түсететіндей еді. Байбоз Қилыбаевтың жазғандарын арыз, біреудің үстінен жала жабу деп түсінетіндердің  өз шындықтары болды. Олар Байбоз шындығынан қорқатын. Заман құлқына одақтас бола білгендер, заманның астыртын, зымиян мінезінінен сескенгендер Байбоз секілділерді жеңе білген.

Бірақ Байбоздың өз шындығын өмір бойы қорғап өтетін тұлға болып шықты. Ол әлемге өз көзімен тура қарай алатын еді. Ондайлар заман шындығына емес, білімі мен парасаты қабылдатқан өз шындықтарына сенбек. Байбоз өмірге деген, өмір сүріп жүрген адамдарға деген өз көзқарасын баяндап отыруды міндетім деп есептеген, сол арқылы жаманмен жағаласып, заманменен күресіп өтуді мақсат еткен кісі болған деп ойлаймыз.

         Осы мақаланы жазбаққа бекініп, Байбоз ақсақал туралы деректер жинай бастағанда біз оның кім болғанын ұғынуға тырыстық. Біраз баспасөз деректерінен көшірме келтіре отырып (мақала соңында) оқырмандарымызды осы жылы 110 жасқа толатын Байбоз Қилыбаевпен  таныстырмақ болдық. Сонымен қоса біз кейіпкеріміз жазған бір хат пен бір арызды таңдап алып, сол арқылы Байбоз ақсақалдың ішкі рухани дүниесінен де хабардар етпекпіз.

Сонымен, жазықсыз жала жабылып, заман құрығы түскен кезде өз таныстары мен жолдастарынан сатқындық, өзі құрысқан өкіметінен өгейлік көріп, 1929 жылы басталып 1955 жылы аяқталған, 26 жылға созылған қуғын-сүргінді, айдау мен атылуды бастан кешкен адамның ерлік рухы жасып, адамдық қызығы азайуға тиіс секілді еді.

Өмірден соншалықты зәбір көрген кісі тірі қалғанына шүкіршілік етіп, заман мен адамды түзету деген істен торығуы қажет секілді еді.

“Халық жауы” деген атты кеше ғана арқалап жүрген кісінің өнер мен поэзия тағдырын күйттеп кетуге шамасы бар ма?

Әлгі атақтан құтыла алмай жүріп, біреудің жазған өлеңінде, шығармашылық жұмысында қаншалықты шаруасы бар?..

Ондай адамның қазақтың поэзиясы мен, сол өнер арқылы тәрбиеленетін болашақ ұрпақ тағдыры неге толғандырады?

Қалған өміріне тыныштық тілеу ғана қалған сыяқты…

Бірақ олай болмай шықты. Ол –  күрескер екен.

Күрескерлік тұлғасы оны болып жатқан уақиғалардан шет қалдырмайды екен. 

Соған бір мысал. Ол бір атақты ақынның еңбегіне талдау жасап, 1959 жылы мақала жазады. Жирма алты жылға созылған азапты сапарының аяқталғанына үш-төрт жыл болған болатын.

Рухы тапталып, жігер құм болған кез.

Кісілігі кішілікке айналған шақ.

Білгірлігі басына бәле болып таңылған адам.

Бірақ ол күрескерлігін тоқтатпапты.

Кейіпкеріміздің осы мақаласы Байбоз атты кісінің кім екенін ұқтырғандай.

         Редакцияның Б.Қилыбаевқа хатынан үзінді.

 

Редакция газеты “Социалистік Казахстан”

         г. Алма-Ата, Советская 50.  4.08.1959 г.

 

         Б. Қилыбаев жолдасқа!

         Сіздің Асқар Тоқмағамбетовтың “Қазақ әдебиеті” газетіне басылған – “Қызыл Орда” деген өлеңі жөнінде редакцияға жолдаған хатыңызды алып таныстық…

 

Сәлеммен,

Ғылым, мәдениет, әдебиет пен өнер бөлімінің меңгерушісі   

 Ж. Жумаканов.

 

         Ұзақ мақаладан өте аз үзінді келтірелік.

 

         …Мен Асқардың проза, әсіресе поэзия туындыларына сын айтудан аулақпын… дей келе, Б. Қилыбаев Асқар Тоқмағамбетовке өз шығармаларына мұқият болуы керек екеніне тоқталады. Өйткені олардан жастар үлгі алады. Жастар да сол қателерді қайталайды деп қауіптенеді…

         …Ол бірден:

Еске алсақ Қызыл Орда кешегіңді,

Қалған күн елестейді неше жылғы.

Кеселеп көшеңді өтсем, топырағыңнан,

Көтеріп зорға өтуші ем етегімді.

Жібермей саз балшығы етегімді.

Біздіңше “қалған күн” деген сөздің орнына “өткен күн” десе орынды болар еді дегіміз келеді. Соңғы екі жолдан “етегімді”, “етегімді” дегендер тек ұйқас үшін айтқан сөздер ғой дейміз. Етегін көтеріп өткендей құм су емес…

Содан кейінгі шумақта:

     Бұрышы базары еді шаңырақтың,

Шапқылап талай-талай жауыр аттың,

Арқасын қанатып ем, үстін басып,

Өткенде молалы бейіт, аруақтың…

Осы бытыраңқы бір-біріне зорлықпен тіркестірілген сөздерден жүрекке жылы, сезімге әсер беретін не нәр бар? Бұнда көптеген “жауыр аттардың” шапқылап жүруі мен, оны баланың сондай жауыр аттың арқасын молалы бейіт, аруақтың қасынан өткенде басып қанататыны несі?..

 

Ғажап қой!

Өлім қылышының астында алты ай отырып, отыз жылға жуық өгейлік пен қорлықты бастан кешкен жан емес пе?

Үш жылда соны ұмыт етіп, қазақ халқының болмысы мен тіршілігі үшін газет бетіне басылған бір өлең үшін, қолына қалам алып тағы да айқасқа шығады…

Бұл мақала нағыз поэзия жанрының сыншыларындай  ақынның поэзияға жат әр мүлт кеткен қадамын айнытпай танып отырған білімпаз жанның толғауы. 

Мақаланы оқи отырып, біз Байбоз Қилыбаев атты тұлғаның болмысын анықтай түскен секілдіміз. Тәркіленген талант, быт-шыт болған тағдыр, көрмей қалуға айналған көз, және бұлардың бәрі жаладан, өз таныстарынан деп есептелсе…

Бірақ елім деп туған азамат өз басының бостандығы, ұлт өнерінің мәртебесі үшін күрес жүргізуін бір сәтке де тоқтатпайды.

1955 жылы әскери трибуналдың Б.Қилыбаевқа берген жауабынан үзінді:

 

…Краткое содержание постановления военного трибунала Южно-Уральского военного округа от 3.11.1955 г.

     по делу Килибаева Байбоза. 1897 г.рождения.

         …На протяжении ряда лет он являеется одним из руководителей контрреволюционной организации “Алаш-Орда”, существовавшей в Адаевском районе и проводил повстанческую работу, а также участвовал в совершении террорического акта на члена КазЦИК-а Ералиева…

         В протесте военной прокуротуры ставит вопрос об отмене постановления особого совещания НКВД в отношении Килибава и прекращения уголовного дела за отсутствием состава преступления…

         …Считать: Протест обоснованным. На основе ст.УКК 418 протест удовлетворить. Постановления особого совещания НКВД от 30.12.1940 г., 27.04. и 2.11.1949 г. отменить и дело Килибаева за отсутствием состава преступлении производством прекратить.

 

         Байбоз Қилыбаевты, үстінен арыз түсіп, 1949 жылы тексерусіз, сотсыз баяғы 1937 жылғы тексеру құжаттарымен тағы соттайды. Оның Генеральный прокурор Руденкоғо жазған арызынан үзінді келтірелік…

         …В конце 1948 г. меня привлекает повторно по этому же “делу” и меня безовсяких новых обвинении направляют на ссылку, которую отбываю вот 6 лет не знаю, когда ей будет конец. Огульность и беззаконие не изжиты. Так, после ареста в 1948г. я настойчиво ставлю и требую от следователя, говоря: “Если я привлекаюсь повторно по старому “делу”, то проводите по ним следствия, руководствуясь конкретными указаниями Воен. Коллегии Верховного Суда СССР в ноябре 1939 г., на что следователь отвечает: “Мы не можем пересматривать решение ОСО НКВД. Ести ты будешь упорствовать то мы можем соострить еще более формулировку твоего старого обвинения, приплюсовав…

         Я, несмотря на эти угрозы, решительно настаиваю на своем законном праве…

 

         Сол заманда мәдени, тарихи орталықтардан шеткері жатқан Байбоз қалайша күрескерлік дәрежеге жетті деген сұраққа оның алған білімі мен істеген қызметтері жауап бере алатын секілді.

 

Құжаттардан көшірме:

·        1909-12 г. г.Форт-Александровск, Мангистауского уезда. Учащиеся 2-ух кл.училища;

·        1916-1917. г. Ташкент. Учащийся учительской семинарий.

·        1931-1936 г. г. Москва. Студент института внешной торговли.

 

Трудовая деятельность:

·        До 1927 г. форт-Александровск. (Председатель уревкома, председатель окрисплкома)

·        1927-28 г.Қызыл Орда. Инспектор Каз.крайпотребсоюза.

·        1929-31 г. Алма-Ата. Зав.кадрами и снабжением зернотреста.

·        1936-37 г. г.Москва. Зав.уполном.нарк.внешторга по проведению ярмарки на границе Китая.

·        1937. г.Гурьев. Зам.упр.рыбконсервного комбината.

·        1937-1955 гг.  Иркутск, Красноярск, Караганда. Находился под репрессией и реабилитирован в 1955 г.

·        1955-1959 г. Таучик. Завбиблиотекой, райотдел культуры.

·        С 1959 г. Персональный пенсионер, республиканского значения.

 

Біз төменде Б.Қилыбавтың архивінде сақталған кейбір құжаттар көшірмесімен де таныстыра кетуді жөн көрдік…

 

·        ф. 277 и337 оп.1, д 24-25

Москва Сталину, копия Калинину.

1-й адаевский окружной сьезд советов созванный на десятом году осуществления Советов  и Союзе, благодаря естественным препятствиям ставший на путь строительства и советизации в момент осложнения международной политике когда империалисти душат Китайскую революцию и бросают наглый вызов союзу, избрав Вас почетным председателем сьезда дает обещание подержать правительству во всех его работах в области ограждения достижения революции от посягательства как внутренную, так и внешнего врага. Трудящиеся этого глухого уголка Казахстана присоединяют свои голос протеста к тем безобразиям и преступным действиям… и т.д.

 

·        Из воспминаний Елены Афанасьевны Дробезгиной-Жангельдимной.

Я, Елена Афанасьевна, родилась вг.Грозном в 1901 году в семье военнослужащего. С 17-лет жила в Москве. В 1920 году  вышла замуж за Жангельдина Алиби.

С1922 года стала секретарем Жангельдина. В 1922 году 12 ноября мы ехали через Буртынскую волость под Оренбург. Путь лежал через Уил, Гурьев, Эмбу…

 

 

·        Гр-ну Килбаеву Б.К.

Гурьевская обл. пос. Таушик, Мангистауский р-н, Шахта № 7

Архивная справка

В документальных материалах архивного фонда Всероссийского Центрального Исполнительного Комитета (ВЦИК) в мандате делегата значится, что Килибаев Байбоз 3-м Всекиргизским с”ездом Советов был избран делегатом Киргизской Советской Сокиалистической Республики Россииской Федерации на 10-1 Всероссийский с”езд советов с правом решающего голоса.

В стенограмме заседания 1 Всесоюзного с”езда имеется собщение мандатной комиссии с”езда о том, что в число делегатов 1 всесоюзного с”езда Советов в декабре 1922 года вошли делегаты 10 Всероссийского с”езда советов.

Начальник отдела ЦГАОР СССР  (Никитенко)

 

·        Архивная справка

Согласно документальным данным партархива Килибаев Байбоз принят кандидатом в член РКП(б)… “Принимая во внимание, что Килибаев являеется пролетарием и в 1917 году он организовал Красную гвардию, и в 1918 году в городе Красноводске вел среди белой армии коммунистическую агитацию, за что был арестован, а также состоит членом РКСМ более 2 года…”

 

·        Мандат

Дан сей Члену правления Адаевского Губсоюза тов. Килибаеву в том, что ему поручается Адупродкомом:

1.   Выяснить все вопросы касающиеся исключительно Адаевского Упредкома как в хозяственном, а также и админстративном-органзационном отношении.  2. Получить всевозможные наряды для Адупродкома.

Просьба ко всем гражданским и военным учреждениям оказывать тов. Килыбаеву всемерное содеиствию к успешному выполнению возложенных на него поручений.

Упродкомиссар

Завобщихдел

 

·        Свидительское покозание

Я, бывший начальник Мангышлакской экспедиций Геолкома, Мокринский Владимир Владимирович, настоящим свидительствую, что в составе экспедиции на Мангышлак в 1918 году, с июня по ноябрь месяц работал Байбоз Килибаев и оказывал экспедиции большую помощь…

 

     Заслуженный деятель науки и техники РСФСР

     Заслуженный деятель науки и техники Абхазской АСССР

     Заслуженный деятель науки и техники Грузинской СССР

     Старший научный сотрудник – консультант ВСЕГЕИ

     Доктор геолого-минерологических наук

     Профессор                          В.В.Мокринский

 

Бұ күнде, бұ заман адамдары, осы заман ойымен, осы заман демократиясымен ойлап қарасақ сол бір дауылы мол заман қандай қорқынышты болған дейсің.

Тау мен тасты талқан етіпті. Өзендерді арнасынан бұра, көлді кептіре, орманды отап, даланы күйдіре, адамдар арманын қырқа сұрапыл көріністей өте шығыпты.

Баланы әкеге жау қылыпты. Досты досқа дұшпан етіпті. Сол заманды өз қолымен құрысып, сол заманда азамат боп қалыптасқан адамдар басқалардан өзгешелеу секілді. Олардың қай-қайсысына да түсіністікпен қарамаса болмас.

Адамға қателесу деген күнделікті тіршілігі секілді құбылыс. Байбоз Қилыбаев ақсақалдың бір түсінбей өткені болған секілді. Ол – оның басына төнген қауіп пен қатерді жеке адамдар әрекеті деп ұққаны. Оны туындатып жатқан заман екенін мойындағысы келмегені.

Бұ күндері аруағына табына, жанына жәннәттан орын тілей еске алар Байбоз Қилыбаев ақсақалымыздың бүкіл ел болып үйренер, үлгі алар біраз қасиеттері бар секілді.

Ол –  қандай заманда да, қандай амалда да өзінің “Мен” деген қасиетін жоғалтпағаны!

Адамдық болмысты ұстап тұрар кісілік діңгегін иіп алмай сақтап қала алғаны!

Қайраткер, қайсар жанның өз шындығы үшін соңғы тынысына дейін күресіп өткені!

Байбоз Қилыбаев заманы мен замандастарынан адам төзбес зорлық пен қорлықты қатар көре жүріп тіршілік етсе де Отан деген ұлы ұғымға, адамзат деген жаратылысқа адал жүрегін ластамастан, елінің болашағына деген арман тілегін арамдамастан өмір сүре алды!

 

                                

 

Запись опубликована в рубрике Тұлғалар туралы. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Комментарии запрещены.