Жан экологиясы

 

                   Жан мұқтажы мен тән мұқтажы…

                   Жан рахаты мен тән рахаты…

 

         Бiздер, адамдар, бiраздан берi бұл сұрақтарға ерекше көңiл бөлiп, ерекше мән берiп жатпай-ақ өмiр сүрiп келген сияқтымыз. Бiрақ, гректердiң экология деген сөзiн бiлетiнбiз. Оның – жандылардың (адам, аң, өсiмдiк) бiр-бiрiмен және олардың жан-жақтағы ортамен ара қатынасын зерттейтiн биология ғылымының тарауы екенi де белгiлi болатын.

         Соңғы ғасырлардағы өндiрiс күштерiнiң өсуi, сол арқылы пайда табу дегеннен шыққан адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастың бiржақты әрбуiне байланысты, әлемдi дүниежүзiлiк деңгейдегi катоклизмге жеткiзу қауiпiн тудырды.

         Бұрынғы ғасырларда адамдар аралындағы негiзгi бәсеке дүниежүзiлiк билiк үшiн болатын болса, ендi адам үшiн байлық басты мәселеге айналды. Бұрын дүниежүзiлiк билiкке тек қана күштiлеу бiр ел көсемi ұмтылатын болса ендi қалтасында азды-көптi ақшасы барлардың бәрi ұмтылатын болды. Байлыққа ұмтылған кез-келген кiсi басқалармен жарысқа түстi, содан барып өз iсiнiң табиғатпен қарым қатынасына, басқа адам мен табиғатқа келер зиянға көңiл аударып жатуға уақыт таппайтын және ол үшiн қаржы шығаруға да құлқы аздау болды. Соның қырсығымен ауа заводтар тұрбасымен буланып жатты, сулар зәр тұзбен уланып жатты, жер құрап, көл кебе бастады. Бiраз адамдар дер кезiнде экология мәселесiн көтерiн бақты бiрақ бұл мәселенi әзiрге шеше алатын емес. Күннен күнге бiр-бiрiмен саны жағынан да, сапа жағынан да үндес жатқан табиғаттың барлық жаратқандарының ара-қатынасы ендi қайтып түзеуге келмейтiндей болып бұзылу қаупi күшейте түсуде. Дiни аңыздардың айтуы бойынша бұндай ауытқушылық бұрындар да болған, ара қатынастар бұзылған. Бiрақ олар табиғаттың бұзылуынан тумаған, адамдар пиғыдының, адамдар жанының азуынан туған, ақыры ақырзаманға, топан-суға айналған делiнедi. Бұл әңгiмемiздi осы жерден үзе тұрып сөз басына қайта ораламыз..

         …Тән қарын тойғызсам екен дейдi, тәттi жесе, тойып жесе рахаттанады, ляззат алады. Тән мәселесiн түсiндiк деп есептелiк: Ал жан не iздейдi? Ол неменеге мұқтаж?

         …Ғашық бола алған адамның болмысын ерекше леп кернеп, бойын керемет әсер билеп маңайына  жайлы нұр шашып тұрады…Ғашықтар сүйгенiн жаным дейдi… Сүйгенiмен қосылған жанның болмысын ешкiм айтып жеткiзе алмайтын ерекше күй билейдi, жаны рахатқа бөленедi. Бұл жан құбылысы, оның рахатқа батқан шағы. Арман етiп көрген перзент, орындалған ең бiр асқаң арманың, ел құрметiне бөлену…- Әкең үшiн, мақтаныш жiгiт Отан үшiн жан қияды. Адамдарды тек қана жеке бас қуанышы емес басқалар  жетiстiгi де ерекше сезiмге бөлейдi… Таныс  палуанның жықса, аулыңның аты озса, шет елге кеткен спортшы Отаныңның ән-ұранын ойнатса..

         Ел қуанарлық iс тындырған, ел сүйео өнерi бар адамның құрметке бөленуi…

         Мiне, рсындай сәтте кiсi жаны сезiмi ерекше күйге түседi. Бұл тiрi адамда жанның барлығының дәлелi.

         Жаны нәзiк жандардың алыста жүрiп Отанды сағынуы, ақынның арнап жыр жазуы… Аталарымыздың: “Ер туған жерiне, ит тойған жерiне”, “Отан оттан да ыстық”, “Ерiнен айрылған көмгенше жылайды, елiнен айрылған өлгенше жылайды”, “Сағынған елiн аңсайды, сарыала қаз көлiн аңсайды”, “Кiсi елiнде сұлтан болғанша, өз елiңде ұлтан бол”, — деуi – бұлардың қай-қайсысы да тән (қарып) қамы емес екенi айдан анық. Бұлар жанды қамдағаннан, жан мұқтажын жоқтағаннан туған қортындылар. Демек жан бар. Жанның барлығы рас болса, онда оның мәңгiлiгi де рас болғаны. Олай болса о дүниедегi жұмақ пен тозақтың да растығын  мойындау қажет болар. Құдайтағала адамға жан жаратудан басқа билiктiң бәрiн де берген. Адам  самолет жасай алады, ғарышқа ұшады, бiрақ қолдан ұшпақ түгiл әзер жорғалайтын бит жасай алмайды. Сүңгуiр қайық жасай алады, бiрақ құрт жасай алмайды. Бұның өзi жан билiгi Жаратқанда, екенiнiң дәлелi сияқты. Адамзат ақыл-ойы табиғаттың сан түрлi құпия сырына бойлап бара алды, көзге көрiнбейтiн талай ғажаптарды оймен, ақылмен болжап бiле алды, бiрақ жан туралы әлi күнге мандытып ештеңе аша алмай келедi, аша алмауға мүмкiн, себебi ол Жаратқанның билiгiндегi, өзiнен басқаның қолынан келмейтiн, ақылы жетпейтiн ғажабы.

         Осылайша бiр шолу жасап бiз тән мұқтажы, тән рахаты деген не? Жан мұқтажы, жан ракаты деген не? – деген сұрақтарымызға қайта оралалық.

         Екеуi де ойлап қараған кiсiге түсiнiктi-ақ нәрселер сияқты.

         Дегенмен тақырыбымыз жан туралы болғандықтан бiр-екi мысал келтiре кетелiк.

Мысалы: Радио дүние жүзiнде жыр салып жатса: дүние жүзiнде ең iзгi халық қазақ халқы және олар арақты аузына алмайды екен, немесе Дәулет Тұрлыханов олимпиада чемпионы атанды, ал Жыланбаев жер шарын жаяу жүгiрiп айналып шықты.

         Осы хабарларды естiген шақтары кешкен қуанышты, бастан кешер сезiмдi нан жеп қарын тойғызғандағы сезiммен салыстыра аласыз ба? Олай болса адамзат баласы тән экологиясын жан экологиясынан бөлек қарауға, тiптi тән мәселесiне алдыңғы  қатарлы орын беруге қақысы бар ма?

         Жан экологиясы мемлекеттiк дәрежедегi бiрiншi сұрақ, ол мемлекеттiк жоспарға алынуға тиiстi және қате жiберуге қақысы жоқ бiрден-бiр мәселесi болғаны жөн.

         Ата-бабамыз экология мәселесiне ежелден тиiстi дәрежеде назар аударып келген. Адыраспан шығып кетедi деп бiр жұртта ұзақ отырмауды, ескi жұрт маңына қонбауды әдет еткен. Өлексенi жер қаздырып көмдiрiп жататын. Малы тоғытылмаған, қойы құртталмаған кiсiлер ауыл пысықтарының әзiл-оспақ әңгiмелерiнiң басты тақырыбына айналып, ел аузында күлкiге iлiнетiн. Настық пен салақтық туралы сандаған мақал-мәтелдер шығарып ұрпағын сақтандырған. Суға түкiру үлкен көргенсiздiкке саналған. Тұяғы жердi тесiп тастайды деп малды бiр жолмен үнемi айдатпайтын. Әр сөзi, iс-қимылы  табиғатпен астадып жататын.

-      Жер ана, күн әке, адам бала…

-      Шоқпардай кекiлi бар қамыс құлақ…

-      Көп тұрған су сасиды, ойламаған ми сасиды…

-      Ас бiреудiкi болғанмен қарын өзiңдiкi екенiн ұмытпа…

-      Кiрекейдi өлтiрме, қор болмасын қонжығы (аю деген сөз бiздерге араб тiлiнен кiрiптi)

-      Тәнiн таза ұстағанның денi сау, малын таза ұстағанның елi сау.

-      Ауырып ем iздегенше, ауырмайтын жол iзде.

-      Жер – ана, ел – бала

-      Бiр күн тойып iшкен шарап, басқа қырық күн азап.

Табиғатты қамқорлау мақсатында бұ заманда да күрес жүргiзiлiп, қаржы да

бөлiп жатыр.

         Бiреу-мiреу не үшiн күресiп жатыр, қаржыны не үшiн бөлiп жатыр деп сұрай қалса айтар жауап та даяр сияқты. Табиғатты қорғау үшiн, экологияны сақтау үшiн… дерi сөздiз. Ғылыми тiлмен айтқанда  жер мен судың, ауа мен  судың тазалығын сақтау үшiн, ал дiндәр қарттар тiлiмен айтқанда табиғатты Аллатағаланың Жаратқан түрiнде сақтап қалу үшiн делiнер едi.

         Ал егер бiреу: “Кiм үшiн”  — деп сұрай қалса оған да жауап даяр сияқты… Адамзат баласы үшiн!…

         Мiне бұл барлық заманның, заманында өмiр сүрген барлық адамның ең басты мәселесi болуға тиiстi мәселе. Өз елiнiң тазалығының тәнi мен жанын қамқорлауды дүниежүзiлiк деңгейде қалай шешiлiп жатқанын айта алмағанмен өз жобамызды мөлшерлеп көрелiк. Тән мұқтажын қамтамасыз ету үшiн тән экологиясына бiраз назар аударатынымыз сөзсiз. Ауаң таза, суың тұңық, жерiң құнарлы болса асың адал, жегенiң жұғымды, деннiң де сау болары сөзсiз. Дұрыс-ақ делiк. Бiрақ-ешқашан ұмытуға болмайтын (дегенмен ұмытылып бара жатқан) дұрыс шешiлуiне шығынына қарамай қаржыландырылуы керек. (бiрақ ұмыт қалынған), адамзат тiршiлiгiнiң бар мағнасы болуға тиiстi (бiрақ болмай жүрген) – бiр қасиеттi шаруаны қалыс қалдырып кетедi. Ол – жан тазалығы, жан экологиясы.

         Жан экологиясын бұрынғы замандарда жалпы адамзат қалай шешiп келдi, бiз қалай шешпекпiз?

         Егер жауапты сұрағымыздың бiрiншi бөлiмiне жауап беруден бастасақ онда адам баласы ол мәселенi дiн арқылы шешуге, Аллатағалаға сенiм арқылы шешуге ұмтылыс жасады дередiк. Бұл салада кейбiр мұсылман елдерi үлкен жетiстiктерге жеттi. Құран хадистерiн оқып отырсаңыз тұла бойында адамшылықтан аттатар бiр ауыз сөз таппайсыз. Бұл мәселенiң жоқтаушылары жетерлiк, сондықтан оны дiн уағыздаушыларға қалдырып бiз келесi құралға көшелiк.

         Екiншi құрал-адам жанының таза сақталуын қамтамасыз етер күштi құралдың бiрi, ол — әрбiр ұлттың әдет-ғұрпы, салты. Қазақ халқы өздерiнiң ата-баба аруағына сиынып олардың аруағына тiл тигiзбеуге неден де болса тайынбайды. Кiсiнi әдет-ғұрып бойынша силау, оларға ылтипат көрсету. Кешiрiмдi болу салты  ерекше дамыған дейдi. Өз тегiн құрмет тұта әр адам мiндетi. Көргенсiз дегенге арланба, тексiз дегенге арлан. Құданы силау, жиеннiң не бiр еркелiгiн көтеру, қонақты құдайы қонақ деп, қырықтың бiрi Қыдыр деп ат тағуы… Осы сияқты толып жатқан әдет-ғұрып, салт-саналар адам жанын, адам қасиетiн жоғары сатыға көтерiп келгенi сөзсiз.

         Үшiншi құрал – ол мемлекеттiк идеология. Мемлекет өз азаматтарының тәнiнiң саулығына қаншалықты көңiл бөлсе жанының тазалығына одан он есе көңiл бөлуi шарт. Әйтпесе, iстелiнген iс, жасалынған жақсылық, қол жеткен табыс кiм үшiн?..

         Елiмiзде бұрындар жетiм болмаған, бiр-бiрiн өкiл әке, өкiл ата болып қамқорлап жатқан. Ажырасу деген ұғым болмаған, отырып қалған қыз, үйленбеген ұл дегендерге жол берiлмеген.

         …Кешегi кеңес өкiметiнiң адам адамға дос, бауыр, туыс деген идеологиясына пiсiп шыққан бiздер әлi күнге кез-келген кiсiге сондай көзқараспен қараймыз. Одан зиян көрiп жатқан пенденi көрмедiк. Бiрақ ол үкiмет идеологиясының екi бетi бар болып шықты. Бiрiншi бетi жаңағы бiз айтқан болса екiншi бетi адамдарды дiнсiздiкке, еңбекке немқұрайлы қарауға, өзiне сенiмнiң жойылуына, тек қана бiреудiң нұсқауымен өмiр сұру формасын бойға сiңiру болып шықты. Ұлттық бет-бейненi өшiрiп жiберуге айналды. Ендi келiп қатыгездiк жастар бойына қайдан пайда болды, олар үлкендi неге силамайды, жастар бойындағы iзетшiлiк қасиет қайда кеттi деп жан-жағымызға қараймыз.

         Жасы он сегiзге толмаған баланы (жiгiттi) жұмысқа алу үшiн үш комиссияның қортындысы, ұлусаты қажет болатын. Атақты академиктер, өнерлi адамдар қарапайым тас қалаушыдан аз табыс табатын. Содан барып адамдар адал еңбекке, еңбекпен табыс тауып тұрмысын жақсартуға ұмтылу қасиеттерiн жойды. Соның салдарынан кәзiргi нарық заманында елiмiзде дәрменсiз жандар, қолынан түк келмейтiн инженерлер, табиғи талантын он тиын пайда түсiре алмайтын ғалымдар, өнерiн елдiң рухани дүниесiне пайдаға асырмақ түгiл бiр үзiм нанға айналдыра алмай жүрген дарындар толып кеттi…

         … Не iстеу керек?

         Аллатағала пендесiне таңдағаныңды  ал дегендей барлық жаратылысты жұптап жаратыпты…

         …Жақсылық пен жамандық, даналық пен надандық, iзгiлiкпен қатыгездiк, аштық пен тоқтық… Санап санына жетпейсiң. Бiрақ жұп. Екеуiнiң бiреуiн аласың. Кейде жарты-жартылай да пайдаланып күн кешесiң. Кенет бiзiң ғасырымызда жұбы жоқ “Мәңгүрттiк” деген жаңа категория пайда болды. Оның қоғамға қауiптi құбылыс екенiн алғаш рет Әбiш Кекiлбаев өзiнiң “Күй” повестiсiнде келтiрсе, кейiн Шыңғыс Айтыматов толықтыра түстi. Кәзiр көзiмiз жетiп жүр “мәңгүрт” кейде қас жауыннан да жаңағы синонимдердiң екiншiсiнiң қай қайсысынан да қауiптiрек. Олар:  “Ана тiл деген немене, адам қай тiлде болса да түсiнiссе жетiп жатқан жоқ па?”… Пушкинге мынадай алып зираттық ескерткiш салынған жоқ, оның қасында Абай деген кiм едi?… А нам все равно… Мой адрес Советский Союз” – дейдi. Нағыз тексiздiктен туындайтын ойлар, айтылатын сөздер. Барып тұрған мәңгүрттiк. Мәңгүрттiк дегенiмiз, менiң пайымдауымша, адамның жаратылыс силаған ұлттық инстингiнен айрылуы.

         Ғасырымыздың емi жоқ аурулары:

-      адам жанының жазылмас ауруы – мәңгүрттiк;

-      адам тәнiнiң жазылмас ауруы – спид.

Дүниежүзi спидке қарсы қатты күрес бастады. Оған бiздiң елiмiз де қосылып

жатыр.Құптарлық әрекет. Тек қана мәңгүрттiктi адам жанының, қоғамның қауiптi дертi деп тауып оны да спид сияқты қауiптi дәрежеге көтеру қажет.

         Адам  жанын бұл дәрежеге жеткiзген коммунистiк идеологияның жетпiс жылдық үгiтiнiң жемiсi едi. Тәнiмiз де, жанымыз да бiраз дертке шалдыққан.

         Генетика ғылыми адам тәнiнiң биологиялық, физиологиялық, психикалық қасиеттерiнiң тұқым куалайтынын дәлелдеп бердi. Ал жан мәселесi қалай?…

         Нәрестедей пәк дейдi. Жастай шетiнеген нәрестенi жұмаққа барады деп жатады. Нәресте жанының тазалығы осы сөздермен дәлелденетiн сияқты ғой. Сонда жанды аздыратын, оның құлқын кiсiлiк, адамгершiлiк нормалардан алшақтататын өзiмiз болғанымыз ғой. Немесе жан иесiнiң араласқан ортасының әсерiнен десек дұрыстыққа жақындайды емес пе…

         Демек адам мәңгүрт болып тумайды, оны тек қана қоғам жасайды. Мәңгүрттердiң қоғамға қаншалықты зияны бар екенi бұрыннан да айтылып келедi, тек қана бiздiң қосарымыз:

                   Мәңгүрттiк – жан ажалы,

                   Спид – тән ажалы.

         Ие, бәрi де адамдар үшiн делiнедi. Шындығы солай ма? Адамдаодың (қолында билiк барлар мен қаржы барлардың) пиғылы соны қалап, iсi соған бағытталған ба?

         Бiр-екi мысал келтiре кетелiк. Аудармашылық өнерiмнiң оншалықты емге екендiгiн мойындай отырып және академик Углов лекциясының үзiндiсiн өз тiлiнде бергендi жөн көредiм.

         …В 1905г. в пьяной царской России пили 3,5 литра чистого алкоголя на душу населения (1 литр чистого алкоголя равен 2,5 литра водки). В 1910 г. – 3,6 литра. К 1914 г. производство и потребление алкоголя подскачило и Россия вышла по количеству выпитого алкоголя на цифру 4,6 литра на душу населения.

         В 1914 г. в России введен “сухой закон”, производство и потребление алкоголя сокращено до минимума – почти до “0”. Сухой закон в нашей стране просуществовал почти “” лет и был отменен в 1925г., только после смерти В.И.Ленина.

         Уже в 1926г. мы вышли на уровень 0,9л. В дальнейшем производство и потребление алкологя возрастало и к 1940г. достигло 1,9л…

         … На уровень довоенного 1940г. мы вышли только в 1952г. И, начиная с 1952г., в нашей стране с  алкоголем начало что-то твориться совершенно невобразимое. Так какие-то  25 лет мы выс мы выскочили на уровень производства и потребления алкоголя 10,8л на душу населения, превысив в 1980г. средний мировой уровень потребления алкоголя в пьющих странах почти в 2,5 раза…

         …По оценки ВОЗ в нашей стране в 1980г. было 40,0 млн. алкоголиков и пьяниц. Это практически каждый  житель…

         … получилось, что в 2000г. у нас будет 80,0 млн. алкоголиков и пьяниц. Это 60% всего взрослого трудоспособного населения! Эти цифры ошелемляют. Нас и уничтожать не надо. Зачем с нами воевать. Мы сами себя цничтожим…

         …Почему же люди пьют?

         На этот вопрос академик Углов дал четкий и правильный ответ:

-      Во все века распространение алкоголя держалась на лжи.

Что же такое алкоголь? В 1975г. XXVIII сессия ВОЗ официально признала

алкоголь наркотиком, разрушающим человеческое здоровье. Точно такой же наркотик, как марихуана, гашиш, героин и прочие. У нас же в стране он идет в графе “пищевые продукты”  и продается в гастрономах…

         …Осы арадан үзiлiс жасап, аздап ойланып көрелiк.

         Ендi мемлекет қайраткерлерi мен қолы байлыққа жеткен жандар халық үшiн еңбек етiп келiп пе?…

         …Мақаламыздың негiзгi тақырыбы сәл өзгешелеу болғандықтан бұл мәселенi де сол жеткен жерiмiзде қалдырып, өзiмiздiң әңгiме етiп отырған жан тазалығына, жан экологиясына қарай ауысалық. Арақ iше жүрiп тән саулығына, жан тазалығына ие болу мүмкiн еместiгiн дәлелдеп жатпай-ақ қалсың. Ол  туралы, тек қана, мұсылман дiнiнiң ққзқарасын келтiре кеителiк. Мұсылман дiнiнiң ең соңғы дiн екенi белгiлi. Дүние жүзiндегi қандай дiн бомасын iшiмдiкке қарсы мұсылман дiнiндей күрес жүргiзбейдi. Хадистерде – егер етегiне арақ тамып кетсе оны жуып кетiре алмайсың, оны тек қана ойып алып тастау керек дейдi. Ал бiздiң елiмiзде араққа қарсы уағызды арақ iшетiн кiсiлер жүргiзедi. Қазақ азаматтарының, қазақ халқының ойламаған жерден қас жауы өзiнiң ата дәстүрi, қонақ-жайлығы болып шықты. Көзге түскен, беделге ие болған азаматтарымыздың аптасына екi рет қонаққа шақырылатыны не өз үйiнде қонақ қабылдайтыны сөзсiз. Демек жетiсiне екi рет тойып iшедi деген сөз. Өлердегi сөзiн айтып ( достықтан гөрi қастыққа жақын) өлесi мас қылып жiберуге тырысып жатады. Бiздiң өмiр бойы iшiмдiк iшпеген халқымыз ендi мүрденi арақтап шығаруды салтқа айналдыра бастады. Садақада iшiп мас болып қалғанның талайын көрдiк. Ал қонақ алдына арақ қоймау ешкiмнiң ойына кiрмеген нәрсе, ет асып бермеуi мүкiн, бiрақ iшiмдiксiз қонақ шақырылмайды.

         Мен өз ошағымнан бiр мысал келтiре кетейiн. Он жылға жуық дастарханыма арақ қоймаймын, өзiм iшпеймiн, ешкiмге iш деп айтпаймын. Осы үш сөзге ант бергенмiн. Әзiрге жүрген жерiмде уағыз жүргiзiп келемiн. Маған өкпелеп жатқан ешкiм жоқ. Жаңғыз жарым жетiстiгiм де бар.  Жақында бiр бала, аға Сiздiң айтқаныңыздай, дастарханыма арақ қоймай туған күн өткiземiн деп құрдастарымнан таяқ жеп қала жаздадым, дегенмен кәзiр үйiмiзде арақ ұстамаймыз дегенде төбем көкке жеткендей болды. Iшетiндердiң бiреуге iшпе деп уағыз айтуға қақысы жоқ, ол бұл шаруаға пайдадан зиянын көбiрек тигiздi әрекет, Әттеген-ай, айтуға тұрмайтын арақ тақырыбына сонша уақытымызды жоғалтқанымыз. Кей-кейде осы арақ дегеннiң өзi затқа айналған сайтанның өзi ме деп те ойлап қаламын. Атын Петров, Романов, Горбачев не болмаса Қожа Ахмет Яссауи деп дәрiптеуден гөрi, Жын, Перi,   ….., Сайтан, Сатана… деп атаған дұрысырақ болар….

         Бұдан төрт-бес жыл бұрын мен елге арақты қалай қойдыруға болады немесе 21+1 формуласы деген идея ұсынғамын. Бiрақ оған ешкiм онша мән бермедi. Шындығында елге арақ қойдырудан оңай нәрсе жоқ. Ол үшiн 19 облыстың және Алматы мен Байқоныр қалаларының әкiмдерi (21) және сол әкiмдердiң үсiтнен қарайтын бiр кiсi тұрмысында, жүрiс-тұрысында арақ iшпеудi үгiттесе болды. Кейiннен Республиканың негiзгi заңына жаңағы аталған орындарға арақ iшпейтiн кiсiлер сайлана алады деген бiр сөйлем кiргiзсе.

         Сөзiмiздi түсiнiктiрек ету үшiн бәрiмiзге белгiлi ауру мен дәрiгер әңгiмесiн келтiре кетелiк…

         …Науқасы жазылмай ұзақ ауырған дерттi кiсiге дәрiгер: “Сенiң дертiңнен сауығып кетуiң үшiн мен аурумен күресiп жатырмын. Егер Сен ауруға көмектессең олар екеу мен жалғыз, ал Сен маған көмектессең бiз екеумiз ол жалғыз” – демеушi ме едi…

         Мақаламыздың бас жағында не iстеу керек?  деп сұрақ қойып, Аллатағаланың бәрiн де жұптап жаратқанын ескерте кеткенбiз: Жамандық пен Жақсылық, Даналық пен Надандық, Iзгiлiк пен қатыгездiк…

         Елiнiң жан тазалығын сақтап қалу үшiн ат салысып жатқан мемлекет дәрежесiндегi идеология жоқ болса, онда мәңгүрттiк пен қаскүнемдiктiң, есiрткi мен iшiмдiктiң Жамандық, Надандық, Жауыздық дегендерге одақтасып алып Жақсылықты, Даналықты, Iзгiлiктi жалғызсырататыны сөзсiз. Мiне не iстеу керек деген сұраққа жауапты осы ардан iздеген дұрыс сияқты.

         Жоғарыда қалдырып кеткен ақырзаман,  топансу деген түсiнiктердi жадымызға қайта түсiра алсақ жан тазалығын сақтауда дiнңiн, және тiршiлiктi   жаратқан құдiретке, сенiмнiң атқарары айрықша.

         Әр ұлттың әдебi, ғұрпы, салты туралы де сөз еттiк.

         Демек не iстеу керек екенi де айқындалып  қалған сияқты… Надандыққа, Жамандыққа, Жауыздыққа одақтастар аты белгiлi болса Адамгершiлiкке, Кiсiлiкке,  Адалдыққа бiр сөзбен айтқанда кiсi жанының тазалығына одақтастар да анық сыяқты. Адам жанын  азғындықтан сақтайтын  мемлекеттiк идеология, оның одақтастары дiн, ұлттық озық салт-сана, әдет- ғұрып, мәңгүрттiкке, қарсы күрес маңайымыздағы әр бiр жан үшiн өзге пиғылдағылармен  талас. Кәзiргi жастар санасын билеп бара жатқан: “Есектiң көтiн жу да мал тап” – түсiнiгiне тойтарыс беру. Оларға нанның керек екенiн,  нансыз өмiр жоқ екенiн мойындай отырып, бiрақ сол нанды адалдап жеу керек екенiн ұқтырарлықтай  — Өмiрлi, табиғи құрал табу – мiне iстеуiмiз керек шаруалар. Бұл шаруаның формасы әртүрлi болуы мүмкiн. Ұлтымыз тек қана әдет-ғұрып арқылы қаншама осы тұрғылас мәселелердi шешiп келген.

         “Ми жеме, мидай былшырап кетесiң”, “жұлын жеме құдыққа түсiп  кетесiң”, “жiлiк  мойын   жеме,  ата-анаңа қайырсыз боласың”, “талақ жеме, қырық ердiң бағын байлайсйң” – деп, бiраз тағамдарды балаға арам астай етушi едi. Сөйтсек әлгi аталғандардың    бәрi  де адам денесiндегi у жинағыш, қан сүзгiш мүшелер екен. Олардың жас организмге  зиянын   тигiзуi мүмкiн екенiн биологтар да медиктер де мойындап отыр.

         Жер сатылу керек, жердi сатуға болмайды деген айтыстардан кәзiр ел  өз бағытынан адасуға айналды. Бiздiң ойымызша адам баласы өз қолымен жасаған затты ғана меншiктене алса керек едi. Табиғаттың сыйын, Аллатағала бүкiл адам баласына ортақ етiп жаратқан “Жетi қазынаны” жеке кiсiнiң иеленуi қалай болар екен?.. Сөз ретiнде еске сала кетелiк бiрнеше жыл бұрын осы тақырыпта баспа бетiнде үлкен таластар болып жатты. Бiреулер жетi қазнаға жүйрiк тазы кiредi десе бiреулерi әйелдi де жетi қазынаның бiрi едi деп соқты. Ескi көз қариялардың айтуы бойынша Аллатаға алты қазына етiп адам баласының тән мұқтажын өтеуге.

         Аспан мен Жер, Жел мен Бұлт, Күн мен Айды жаратты да жан мұқтажына аспаннан Құранды түсiрдi дейтiн. Дәлелдеудi керек етпейтiн пiкiр емес пе!…

         Келелi мәселелердi бiрi жалпы Отандастарымыздың жан дүниесiне қамқорлық жасау десек, сол қамқорлық өсiресе жастарға керегiрек. Кәзiр кейбiр деректерге қарағанда алты мыңға жуық қазақ жастары әртүрлi дiндерге кiрген. Бүкiл дүние жүзiнде қазақ халқы атынан өзге дiндi уағыздап үгiт жүргiзуде. Жат пиғылды адамдар бүгiнгi күнi жекелеген жастар жанына таласса арада елу, жүз жыл өтпей-ақ бүкiл халқыңның рухани өмiрiн билеп кетпесiне кепiлдiк бере аласың ба?

         Ал бiз болсақ қаржы тапшылығын желеу етiп елдiң рухани тiрлiгiне араласуды тоқтатуға айналдық. Ел кәзiр қазақ мектептерi жабылғалы жатыр деп үрейленуде. Бiр класста қайтадан қырық бала оқиды екен дейдi.

         Теледидардың кейбiр каналдары адам баласын не қанiшер не жынды етiп шығаратын мақсат қойғандай-ақ аянбай iске кiрiсiп кеттi.

         Жат пиғылды баспасөз, бен телеканалдар арам ойлы өзге дiндi уағыздаушылар Қазақстан халқының жанына таласты кең түрде, жоспарлы түрдi қаражатты аямай жүргiзiп жатырса.

         Оларға мәңгүрттерiмiзде өз үлестерiн қосып, қалмақ сияқты.

         Ашыққан қарын тояр, тән мұқтажды өтелер. Ал жан мәселесiн қалай шешемiз. Жан мұқтажын қалай өтеймiз.Таудан аққан бұлақ сияқты егер бiз арна тауып бермесек ол бұлақ өз арнасын тауып алады. Бiрақ оның суы халқымыздың рухани байлығы деген теңiзге құймай жыра-жықпылмен басқа бағытқа кетедi, құмға сiңедi, арам шөптi суарады. Бүгiнгi, ертеңгi жастар жанына адамдық, ұлттық қасиеттердi еге алмасақ онда қазақ халқының қасiретi – тағыда бiр Арал пайда болады, бiрақ ол Сырдың суына шөлдеген Арал емес, рухани жан азығына шөлдеген Арал болмақ.

 

        

                                                                           Сайын Назарбекұлы

                                                                           Тоқтамыс.       

 

Запись опубликована в рубрике Ұлт болмысы. Ана тілі. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Комментарии запрещены.