Ел бақыты — сөзін ұстар ұлында

 


 

ЕЛ  БАҚЫТЫ – CӨ3IH  ҰCTAP  ҰЛЫНДА

 

Еңбексүйгiштiгi мен iскерлiгi атын елге танытып, Аллатағаланың назарына iлiнiп басына бақ қонған, қолына тұтас 6ip елдiң ноқтасы мен тiзгiнi тиген мемлекет басшысы басқару жүйесiн өз елiнiң негiзгi тұрғындарының традициялық демократиясына, өз ұлтының сан ғасырлар бойы күткен арман-мүддесiне сәйкестендiре алса, онда ол өз атын, сөз жоқ, Қасым мен Есiм, Тәуке мен Абылай деңгейiне көтере алары сөзсiз. Заңдары мен қаулыларын әдiлеттiлiк атты қасиеттi ұғым мағынасына шендестiре алған, сол әдлеттiлiктi iздеу жолында ғана объективтiк, субъективтiк қателерге ұрынған үкiмет — жерiн жұмаққа айналдырар, елiн бақытк,а жеткiзер.

Бiз бұл жерде Жер атын Ел атынан әдейi бұрын атадық. Адам баласының (шындығында жалпы тiршiлiк иелерiнiң — адам, жануар, өсiмдiк) жер бетiнде пайда болғандағы басты функциясы — тек қана жақсы ғұмыр сүру емес, жақсы ғұмыр сүре артына жақсы ұрпақ қалдыру. Осы басты мақсатын орындау жолында жануарлар мен өсiмдiктердiң сан қырлы сыры ашылып адам пендесiне үлгi боларлықтай тәжiрибе жинақталды. Бүкiл адамзат отауы — Жер. Олай болса "әуелi отауыңды сайла" деген қазақ даналығы өзiң өмiр cүpiп отырған Отауыңды, ертеңгi ұрпағыңның Отанын күтiмдi көзбен қарауға, оның тек қана бүгiнгiлерге емес ертеңгiлерге де жайлы болуына назар аударуды мiндет етедi. Әрине, керегенiң көрiктiлiгi, босағаңның берiктiгi басында бейбiт заман тұрғанда ғана жүзеге аспақ.

Тәуке хан заманында қазақ елi жарты ғасырға жуық жат-жаумен соғыссыз бейбiт өмiр кешiп, ел арасында болып тұратын рулық қақтығыстардан да арылып, "кой үстiне бозторғай жұмыртқалаған" 6ip тамаша қогам орнапты.

Оған Тәуке хан қалай қол жеткiзген?…

Әдебиетiмiздi, тарихымызды, елдiк жадымызды аударып-төңкерiп қарасақ сол заманда барлық шешiм үштiк билiкке бағынып, үш бидiң тезi мен талқысынан өткеннен соң қабылданған секiлдi.

Қазақ халқының тарихи сәттiлiк кезеңi сол кезде ел басында парасаты мол Тәуке хан отырса, билiк басында Төле, Қазыбек, Әйтеке билердiң мәртебелi болуына сәйкес келген болса керек.

Әдiлеттiлiкпен басқарылған елдiң әрбiр адамы — ол  Кiсi. Бұл — ел бақыты!…

Жерге — Жер — Ана деп, болашақ ұрпағымның алтын 6eciгi деп қарасаң ғана, жер жұмаққа  айналмақ. Бұл — Жер бақыты!…

Билеушi топ келер ұрпақ қамын өздерiнiң қара басының қамынан кем қоймаса — ол мәңгiлiк белгiсi.

Бұл келер ұрпақ бақыты!…

Мiне осы үш қағида жердi Жер етедi, елдi Ел етедi, пенденi Адам етедi.

Бағы жанып ел билiгi қолына тигендердiң (олардың жәй адамдардан тек қана бағы артық, ал басқа қасиеттерi кейде артық  көбiне басқалардан бiрде тең бiрде кем түсiп жатады) негiзгi мақсаты осы үш қағиданы неғұрлым жоғары сатыға көтеру болса онда тыныш үйқтап, тыныш өмiр сүрiңе болар.

Жай билiктiлердiң ел үшiн тер төгуi керек болса, ел басшысы үшiн ол жеткiлiксiз. Олар үшiн ең бастысы — қай жолға түсу, қандай жолмен бару?.. Төккен тер мен аққан қан қай жол топырағын суармақ?…

Айтылып келген — "мақсатқа жеткiзер барлық жол да дұрыс" — атты қағида өзiнiң тiршiлiк заңына сәйкес еместiгiн дәлелдедi. Ол қағида — дiнсiздер қағидасы. Мен бұл жерде дiн сөзiнiң мағнасын кеңiрек толғап түсiнгендi қалар едiм.

Бiз бұл оймен бақытқа жеткiзер буддистер жолы мен мусылмандар жолының әр түрлiлiгiн айтпақпыз. Үндi халқы мен қазақ халқы үшiн бiрдей жолды тандап алуға бола қоймас. Қазақ халқының сан ғасырлық өз соқдағы бар ел, осы өту кезеңiнде де тек қана өзiне сәйкес жолы бар екенiн дәлелдеп жату қажет бола қоймас.

Жаратылыстың ақыл жетпес сан қырлы құпиялы екендiгi, ол туралы дәлелденген ғылыми тұжырымның жоқтығы, ал айтылып келген кейбiр пiкiрлердiң түп-тұқиянымен күйреуi, өмiр бойы солар туралы ойланып-толғанып жүрген саналы кiсiнi тек қана бiр-ақ жолға бастайды, сонда апарады. Ол жол — Құдайды мойындау, оның ұлылығына бас ию. Ол — әрбiр қате басқан қадамыңа, тiптi ойлаған арам ойыңа ертеңгi күн, Ақырет күнi жауаптысың деген түсiнiктi мойындау. Әрине тек қана жiберген кетелiгi үшiн емес, тiптi жаман ойы үшiн жауапты болатынын сезiнген пенде олардан аулақ болуға тырысуы заңды нәрсе. Сондықтан да сенушiлер барлық ic-әрекетiн — осы iсiм құдай жолына сәйкес келе ме, келмей ме деген пiкiр талдауы арқылы iске асырмақ..

Аллатағала жолына, имандылық жолына түскен адам халык, даналығы деген ұғымды аттап кетуi мүмкiн емес. Ондай адам киын, күрделi мәселелерге кездескен кезде бұл жөнiнде халық не деген, дiн уағызы қандай ақыл бередi, неден сақтандырады деген ойлар синтезiнен өткiзiп барып әрекет етпек. Ондай кiсiге халықтың дана ой түйiндерi, мақал-мәтелдерi шешушi әсер етсе ел iшi тыныштыққа бөленер. Тапсырған iстi қайта-қайта бүлдiрген кiсi ендiгi жерде қателеспейтiнiне ант iшiп отырғанда: "Бiр сынаған жаманды екiншi қайтiп сынама" деген халық даналығын есiне алып барып шешiм қабылдаған мәртебелi кiсi шындықтан алыс кетпес болар.

Кейбiр ұлы тұлғалар — Жаратушының бар екенiн бiле тұра, мойындай тұра өз басының, жеке басының атағы үшiн барша елдi қасiретке ұшыратқан, жердi қанға бөктiрген. Бұлар, әрине, дiнсiздер.

Бұдан туындайтын бiр-ақ сұрақ — дiнсiз адам мемлекет басшысы бола  ала ма?… Оның сенерi жоқ. Оның мәңгiлiк болашақ өмiрден күтерi жоқ. Сондықтан да оның қағидасы бүгiн жеп қал, алып қал, көрiп қал.

Сондай ой салдары ондай жандарды үлкен-үлкен түзетiлмес қателерге аяқ бастырады.. Қортындысында ел  қасiретке ұшырайды, Жер жаралы болады, үмiт ақталмайды.

Жаралы Жер мен қacipeттi Елден бiрден бақытты ұрпақ өмiрге келе қоюы екi талай нәрсе. Демек, әрбiр қатесi ел қасiретiне айналар, әр шешiмнiң аржағында халық тағдыры тұрған мансапқа дiнсiз жанды, имансыз кiсiнi  жақындатуға болмас.

Қазақ елiнде демократиялық қоғамның алғы шарттары бар қоғам орнады. Қоғам мүшелерiнiң денi мұсылмандар. Демек елiмiз мұсылман мемлекетi. Құдайға шүкiр, кейбiр қиындықтар мен экономикалық сәйкессiздiктердi екiншi жолға шығарсақ, рухани болмысымызға нәр берерлiктей бастау бар секiлдi. Тәуелсiздiк туын көтердiк. Ұлттық тұр-сипатымызды сұратпай танытар белгiлерi бар қоғам орнап, ұлттық сана-сезiм жандана бастады. Егер соңғы сан ғасырлар тарихын талдап қарасақ, қазақ  халқының ел ретiнде, тәуелсiз мемлекет ретiнде ең бақытты шағы осы мезгiл болса керек.

Ой бостандығы, сөз бостандығы орныға бастады. Мiне соның арқасында бiз ойымызға келген кейбiр ой-түйiндерiн ел назарына ұсынсақ пе деген қортындыға келдiк.

Бұл ой түйiнi негiзiнен алғанда ел басқару жүйесiн жасақтайтын институттарға, ел басқаруға араласып жүрген  азаматтарға арналады. Бiздiң ұсынғалы отырған ел баскару жүйесiнiң өмiршеңдiгiн мойындау үшiн оқырманның мiндеттi түрде төмендегi үш шартты қажеттiлiктi мойындауы қажет.

1. Алғы шарт — ол Аллатағаланың құдiретiн, оның жаратушылығын мойындау. Кез-келген мансап иесi жеткен дәрежесiне тек қана өзiнiң ұлылығының, ақылдылығының арқасында ғана емес, Аллатағаланың мейiрi түсуiне де байланысты екендiгiн мойындау. Қарауындағы мыңдаған адамы бар облыс, миллиондаған елi бар республиканы басқару жолында Аллатағаланың аддында жауапты сезiну.

2. Елдi басқарушы (облыс, Республика басшылары) ел басқару жүйесiн ұйымдастыру барысында Аллаға сүйiктi нәрселерге көңiл бөлуi. Алла жаратқан нәрселердiң ерекше қасиеттiлерi де бар, екенiн ескере жүру (қасиеттi сөз, қасиеттi күн, қасиеттi сан, тағысын тағылар…)

3. Соңғы шарт — санғасырлық  өмiр тәжiрибесiн мойындау. Адам баласы ұзақ ғұмырында он сегiз мың ғаламның барлық қасиетiн анықтап болған. Бұған дәлел — тiлi, дiлi, дiнi әртүрлi халықтардың кейбiр нәрсеге, уақиғаға, құбылыска сенiмiнiң сәйкес келуi.

Бұл шарттарды мойындаған мансаптылар өздерше сәйкес келетiн, сәттi күндерде шешiм қабылдап, қасиеттi сөздер мен сандар арқылы жүйе құрып ел басқарып, өзiнiң басқан әрбiр қате қадамы бу дүниеде елдi, жеке адамдарды қасiретке душар ететiнiн, о дуниеде өзiнiң алдынан шығатынын 6ip сәт естен шығармай, Алла атымен ic бастап, елiн бақытты өмiрге жеткiзерiне сенiмдi болмақ.

Ойға алған мәселенi түсiндiру үшiн кipicпe, алғы шарттар 6ip жоба түсiнiктi етiп баяндалған секiлдi, ендi Қазақ Елiн басқару мәселесiне Тоқтамыс Сайын Назарбекұлының қияли жүйесiне тоқталып көрелiк.

Алла жалғыз. Жалғыздық тек қана Аллаға жарасқан. Бiр — қасиеттi  сан.

Адам —пенде, Аллатағала жаратқан пенде. Сайтанның азғыруына epiп талай-талай Ұлы адамдардың қате қадам басқаны тарихтан белгiн. Бiз осыларды ойлай келе бүкiл Ел тағдырын жеке кiсiге сенiп тапсыру — адам баласының ғұмырындағы басты қателерiнiң 6ipi деп есептеймiз. Сол қатенi түзетсек пе деген ойға берiлдiк. Бiздiң түсiнiмiзде, елдi рухани бостандыққа, экономикалық тәуелсiздiкке жеткiзу жолы, ол билiктi жеке кiсiнiң қолынан алып қасиеттi үштiкке тапсырса.  Олай болса, Байтақты  үш адамнан құралған  ұйым басқаруы қажет. Кез-келген шешiм сол үш адамның, бipeyi келiспеген жағдайда екеуiнiң келiсiмiмен қабыддануы шарт. Үштен кейiнгi! қасиеттi сан — жетiлiк. Осы үш пен жетi арқылы Ел басқару жүйесiн құрастырса — ол Аллаға сүйкiмдi ic болар едi.

Бiздiң        ғасырымыздан бұрынғы, бiздiң ғасырымыздағы ел басқарған әр түрлi мансап иелерiнiң қабылдаған шешiмдерiнiң өмiр қағидаларына сәйкес келмеуiнiң қырсығынан жеке елде, бүкiл дүние жүзiнде адам ақылына сыймайтын аштықтар, қырғын соғыстар, қаруланулар, бомба жарулыр, 6ip елдi ел ретiнде, халық ретiнде жойып жiберу қадамдары жасалды.

Жеке кiсi басқарған елде, жеке кiсi жалғыз өзi шешiм қабылдай алған жағдайда, елдi қаншылқты демократиялық ел деп атағанымен ол ел толық қанды демократиялық ел болуы мүмкiн емес. Билiктi адам қалай болғанда да өз дегенiн iстете алады, шығарған заңдарын өзiнiң қалаған ниетiне бейiмдей алады.       

Осыларды ескере отырып бiз төменде баяндалатындай басқару жүйесiн ұсынамыз.

1. Жетi қасиеттi сан. Әсiресе қазақ халқы жетi санына қатты сиынған. Келесi ғасырымыздың жетiншi жылында яғни, 2007 жылы ел билейтiн кiсiлер сайлауы, жетi жыл бұрын, 2000-жылы өткiзiледi. Бүкiл халықтық сайлауда  Қазақстанда туып ескен, жасы 36 (үш мүшел) 48 (төрт мүшел) жас арасындағы, денсаулығын растайтын куәлiгi бар, халық таныған ғылыми еңбегi, өндiрiстiк жетiстiгi, iзгiлiк қасиеттерi, қайырымдылық қадамдары елдiң игiлiгiне айналған, тындырған iстерi елдiң рухани және мүлiктiк байлығының көбеюiне үлес қосқан, шын мәнiнде Ел Азаматы атанған жетi кiсiнi тандап алады.

2. 2007-жылы Жаңа-жыл (қазақша) күнi ел билiгiн қолына алатын, 2000-жылы бүкiл халықтық сайлауда  iрiктелiнiп алынған жетi кiсi осы жетi жьш аралығында тек қана өз елiнде емес, бүкiл дүние жүзiнде тәжiрибе жинақтап, тiл үйренiп, әр түрлi саладағы (саясат, тарих, заң, экономика, ел басқару, философия…) пәндердi тауысып, еңбектер жазып, ел басқаруға дайындықтан өтедi.

3. 2007-жылы, 2014-жылы  ел билейтiндер сайлауы өткiзiлiп жатқан шақта, жетi жыл бойы тәжiрибе жинақтаған жетi адам ортасынан үш адамды iрiктейдi, оларды ел басшылары етедi.

Осы жетi адамның қатысуымен сайлау өтедi. Олар өз дауысын тек қана басқа кiсiге бередi. Қалған төрт адам өте жоғары мансаптарға ие болады. Ел басқару барысында үштiктiң бiрiн ауыстыру қажет болған жағдайда осы төрттiктiң бiрi жоғары үштiкке өтедi.

Сайлаудан өткен жетi кiсi осы он төрт жыл бойы мемлекет қамқорлығында болады. Осы мезгiл iшiнде жеке шаруашылық iстермен айналыспайды. Мерзiмi өткен шақта бұл адамдарға атқарған iсiне сәйкес мемлекет орташа  дәулет бөлiп бередi.

Әуел баста, өзiмiз айтқандай, бұл қияли жоба. Ендi қияли өмiрден күнделiктi  тiршiлiгiмiзге ортақтасар болсақ, ол туралы ой қозғар болсақ, онда мен өз ойымды, өз тiршiлiгiмдi 6ip мақал мағынасына бағындырар едiм.

…Өсер елдiң жiгiтi  бipiн-бipi батырым дер!..

Мағнасын талдау қажет пе?.. Түсiнiктi ме?..     

Сөз жоқ, бәрiмiз бiрдей түсiнiктi деп шу ете қалар ек.

…Ал мен қажет дер едiм,  Қажеттiлiгiн дәлелдеп те беруге болар…

… Бiр күнi теледидарды қосып қалсам Рәтбек қажының қимылы мен сөзiн аудармай ойнап жатқан бip сайқымазақ дiн басын, сол арқылы бүкiл қазақ халқын, бүкiл Мұхаммед пайғамбар үмбетiн масқаралап жатыр екен. Артын күттiм. Ең болмаса 6ip адам: "Бүкiл 6ip ұлт, тұтас мұсылман қауымының арына тиер iске неге бардындар, қажының иманды болындар дегеннен басқа не жазығы бар едi" — дейме деп дәметтiм. Әттең, ешкiм шықпады, қайта бәрi жырқылдай күлiсiп, тырқылдай тарасып кете барды. Менiң қажыға жаным ашымайды, менiң сол қажы арқалы ел табынар дiнге жаным ашиды. Мен қажының арын емес дiн жолын арлап отырмын. "Әуелi Алланды, сосын патшанды сыйла". Бұл менiң сөзiм емес, құран сөзi. Бiздiң қоғамның дiнге құрметi жаңағыдай болғанда мемлекет басшысына құрметi  қандай?

… Кеше ғана  "желтоқсан" уақиғасы не үшiн болып едi?..

…Неге бiр қырғыз бала "желтоқсан" уақиғасы үшiн берген Кеңес үкiметiнiң алғысына қарсы болып едi?..

Жақында бiр тәжiк жоддасымды кезiктiрдiм. Үйреншiктi "хал қалай" деген сұраққа менiң берген жауабыма наразьшық бiлдiре:  "Бақытты екендерiндi, тiптi бүкiл Қазақ халқының бақытты ел екенiн бiлмейсiндер ғой" — дегенi.  Ол: "Бұрын қазақпын деген сөздiң өзi басқа ел адамына сiздерге сенiммен қарауға итеретiн. Ал қазiр мына қилы заманда ел басына Назарбаевтай әрi бедел иесi,  әрi ақыл  иесi кiсiнiң отыруы — ол да ел бақыты. Тек сол бақытты бағалай бiлу қажет" — деп едi.

Аталарымыз надандығы үшiн халық жауы атанған, әкелерiмiз соғыста тұтқынға түскенi үшiн Отан жауы атанған ұрпақпыз. Өзiмiз  қатыспасақ та соғыс қасiретiн, бейбiтшiлiк бағасын бiлгендей болған ұрпақпыз. Сондықтан да, кiсi бақытты дегеннiң аш көздене жиған байлық та, басына қонған бақ та емес екенiне көз жеткен. Елiм деген кiсiге ел бақыты да, адам бақыты да — ел басындағы бейбiт  өмiр.

Қазақ халкының өз еркiмен дауыс берiп тұңғыш рет ұлттық мемлекетiне ұлт өкiлiнен өз Ел басын сайлап алуы, ғасырлар бойы бабаларымыз болашақ бостандық үшiн жан қиған арман мемлекетi орнауы — мұратына жеткен шағы емес пе?..

… Ендi не болды?.. Бiреуiмiздiң демократиялық бағыт деген жалған жалауды жамылып, өзге ұлт өкiлдерiмен ниеттес болып Ел басына қарсы шығуын қалай түсiнемiз?..

Соларға не керек?.. Әрине, сұрай қалсақ бәрi де ел бақыты үшiн күресуде. Ал ел бақыты деген не?.. 

Мысалы: "Қазаққа мал өcipiп не қажетi бар, ет керек болса Австралияның қойының етiн үйiп тастаймын" — деген кiсiнi қазақ жанын түсiнедi  деп дәметуге бола.ма?..

Мектептер жабылып жатыр деген журналистке: "Менiң мектеппен айналысатын уақытым жоқ" — деп жауап қатқан үкiмет басшысынан қазақ болашағын ойлайды деп үмiт етуге бола ма?.. Бiз сондайлармен елдi бақытты ете аламыз ба?..

Немесе тiкелей эфирден берiлiп жатқан парламент мәжiлiсiнде Россия мемлекетiнiң әр басқан қадамын үлгi етiп, алға тартып отырғандардан не күтуге болар?..

Кеше ғана парламент үйiн атқылаған солар емес пе едi?.. Олардың талай патшасы қастандықпен өлтiрiлiп, талай мемлекетi орынсыз ойранға  ұшырамап па едi?..

Аллатағала бақ берiп, ел басына туған күрделi кезенде халық қамын өз мойнына алған, Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев бiздiң замандастарымызға қайдам, ал болашақ ұрпаққа  Қасым мен Есiмдей, Тәуке мен Абылайдай абыройлы болары сөзсiз. Олай деуге бiздiң мол дәлелiмiз  бар.

Аталарымыз бiрiншi, екiншi, үшiншi байлық деп мақалдапты. Бiз бiрiншi, екiншi, үшiншi бақыт деп мақалдағымыз келiп отыр.

Мен, елдiң бiрiншi бақыты — бостандық, екiншi бақыты — бейбiтшiлiк, үшiншi бақыты — бiрлiк  дер едiм. Әрине,  ел бақыты — елдiң сөзiн ұстар ұлдарына да тiкелей байланысты.

Тұңғыш  Президентiмiз бiз алғашқы екi бақытқа ие болғанда ел басқаруды қамтамасыз еттi.

Елдi үшiншi бақытқа ие ету, көбiне, елдiң өз қолында. Ол үшiн елдiң сөзiн ұстар зиялылар деп жүрген қарындастарымыздың санасына зерде, пейiлiне қанағат қажет-ақ. Ел басы дәрежесi  бiреу. Ол барлық  лайықтыларға  жете бермейдi.

Сондықтан да әркiмнiң  қанағат сезiмi — елдi ел етер жалғыз қасиет.

Бұл менiң шындығым. Әркiмнiң өз шындығы бар. Бiрақ мойындамауға болмайтын бip шындық, керек  десең ақиқат, ол — Қазақстан Республикасының егемендiгi, азаматтығымыздың азаттығы, басымыздың бостандығы. Ал осы қасиеттi сөздер үшiн, ел басына орнаған бейбiт заман үшiн әркiм қанша үлес қосканын ойлап қарауы қажет болар. Ел бақыты — Ел атынан сөйлейтiн президенттiң жеке басының қасиеттерiне тiкелей байланысты. Сондықтан да, не өнерде не ел билеуде көзге түспеген, не жақсылықта не iзеттiлiкте ауызға iлiнбеген кiсiлердiң орынсыз таққа таласуы, соның қырсығынан туар алауыздық халықты жақсылыққа жеткiбейдi. Қазiргi айтылып жүрген — конституцияға енгiзiлмек, кез-келген кiсiнiң өзiн-өзi президенттiкке ұсынуға мүмкiндiгi,  ақылды шешiм деп айта алмаймыз.

Демократиялық принцип те ақылға бағынуы қажет болар.

Тағы  да қайталай кетелiк — Ел бақыты ел сөзiн ұстайтын ұлында. Менiң тәжiк танысым айтқандай — қазiр қазақ халқының басынан ондай бaқыт тая қойған жоқ.

Бастарындағы бақыттарына сақ болыңыздар, ағайын!

Елдi бақытқа жеткiзер сатының бipi бiрлiк екенiн, оның берiк болуы әрқайсымыздың қолымызда екенiн ұмытпалық!

…Бостандық!

…Бейбiтшiлiк!

…Бiрлiк!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Запись опубликована в рубрике Бүгін. Ертең. Болашақ. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Комментарии запрещены.