Дубай — Абу-Даби сапары

 

 

Облыс әкімінің жанындағы “Градсовет” мәжілістерінде бірнеше рет әртүрлі жобаларды талқылауға қатысып, қаламыздың батыс жағынан жаңа қаланың, “Ақтау-сити” қаласының, салынғалы жатқаны туралы әңгімеге араласып жүрген  болатынбыз. Жаба ауқамын, оған кететін ондаған миллиарда АҚШ доллары жобасындағы қаржы мөлшерін ойлағанда, үйлердің көп қабаттылығы мен құрылыс уақытының қысқалығын естігенде көңілге күдік кірген кездері де болған. 100-150 мың халық тұратын қаланы бірден жобалап, бірден бастап, осыншама аз уақытта салып болуға болатынын бұрынғы өз тәжрибеміздің қортындыларына сүйене, құрылысшы ретінде, біз қиялымызға сыйғыза алмайтын едік.

Дубай сапары осы күдіктерден айықтырды.

Біріккен Араб Эмираттарының тез қарқынмен өркендеуіне 1973 жылы жеті эмирдің ауыз біріктіруінен туған келісім әсер етіпті.

Өздері сайлаған ел басшысына сене білген олар бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, өркендеудің дүние жүзінде жоқ қарқынын туғызып, көптеген өндірістік істерде, құнарсыз, сусыз далада тіршілік ету жолдарын тауып барша дүниеге бейбітшілік пен ауызбіршілікте өмір сүрудің, еңбең пен ақылға сүйенудің қортындысының қандай нәтиже беретіні туралы сан түрлі, іспен дәлелденген үлгілер ұсыныпты.

Бұл күндері олардан жаңадан дамып келе жатқан елдер түгілі Америика бастаған ең дамыған елдердің де үйренетіні жетерлік екен.

Бар болғаны екі миллион елі бар, кемімсектерімен жеті миллион, бәдәуй көшпенділер, қу медиен даласын гүлстанға айналдырып,  Париждіктер мен Пекиндіктердің, Швейцариялықтар мен Австралиялықтардың сол шөл даланы бір көріп қайтқанын мақтаныш ететін дәрежеге жеткізіпті.

Бұлар осыншама жетістігін біз негізінен төменде санап өткелі отырған себептердің арқасы дер едік.

Сол себептердің ең бастысы – ауызбірлік! Елі ел басшысына пайғамбардай табынады.

Екіншісі – табиғат берген мұнайының қаржысын дұрыс пайдаланып, мұнайдан түскен пайданы өндірістің сан түрін өркендетуге жұмсағандығы.

 Үшіншісі әлем капиталын өз мүдделеріне өз қаржысындай жұмсай алыпты. Дубай қалталыларға теңіз жағасын сатып, ғажайып қалашықтар тұрғызып алыпты.

Төртінші – әлемдік жаңа технология мен алдыңғы қатарлы жетістіктерді және әлемдік ақыл мен адам күштерін пайдалаудың ұтырлы әдістерін таба білген.

 

Әрине, бұларға қоса біз байқамаған көптеген себептері бар болар, біз осы қысқа есебімізде әлгі атап өткендер туралы сөз етсек деп отырмыз.

Арабтардың ең басты жетістігі ауыздарының бірлігі десек, сонымен қоса ел басшысын пір тұтып, оның қабылдаған шешімін іске асыруда бір адамдай жұмылатындығын байқадық. Қатаң тәртіпті, қалыптасқан дәстүрлі ел болып алған бәдеу көшпенділері бұл күндері әлемді таңқалдыра бастапты.

Табиғат сыйы мұнайынан түскен қаржысын дұрыс пайдалана білген. Соның арқасында басқа өндіріс салаларын өркендете алған. Бұл күндері ұлттық табыстың 20 пайызы ғана мұнай өндірісіне тиесілі екен.

Қазақстан Республикасы соңғы жылдары мұнайдан түскен пайданы түгелімен басқа өндіріс салаларын өркендетуге жұмсап жатыр.

Эмираттық арабтар әлем қаржысы өз қаржысындай жұмсаған. Шетелдік инвестиция мен шетелдік ақыл бұлар дамуының басты құралы болғанға ұқсайды. Басқа елдерді қоя тұрып, олардың Қазақстан азаматын қалай пайдаланғаны туралы бір мысал келтіре кетелік. Ол кісі атын өзімен келісілмегендіктен атауды жөн көрмей отырмыз.

Қазақстанның бір талапты да білікті жігіті өз ақылы мен қуатын 1990 жылдары Қазақстанда пайдалану мүмкіншілігін таппай жаңа қарқынмен дамып келе жатқан Эмираттар еліне барыпты. Ол елде шетел капиталына жол ашылғаны соншалық, он шақты жылда миллиардтаған қаржы жұмсай алатын дәрежеге жетіпті.

Ол елде әлгі қазақ, ел өндірісіне салатын қаржысының мөлшері арқасында сол ел королінің сүйіктілерінің біріне айнала алыпты. Біздер әлгі қазақтың самолетімен Алматы-Дубай сапарына аттансақ, сол кісінің ел басшысынан сұрап алған тік ұшағымен араб эмиратынын аспаннан байқауға мүмкіндік алдық. Сол кісі қаржысына тұрғызылған үйлерді тамашалап, сол кісі қатысқан жобаларға таңдай қақтық. Сол кісінің арқасында көптеген кісі сыртынан ғана қарай алатын ғимраттардың жертөлесіне дейін тамашаладық. Теңіз астындағы ресторан мен 44 тонна алтын жұмсап салған, бір мезгілде 44 елдің елшілігін қабылдай алатын сарайды көрдік.

Қырымбек Елеуұлының фантазиясынан туындаған “Ақтау Сити” жобасын қолдаған Біріккен Араб Эмираттарының королі елінің біраз мамандарымен бірге сол қазаққа да осы жобаны іске асыруды тапсырыпты.

Жоба кәзір Америка елінде дүниежүзінің көптеген атақты сәулетшілерінің қатысуымен іске асырылуда.

Үстіміздегі жылы, жақын арада, алғашқы үйдің қазығы қағылатынына да куә болатынымыз белгілі болды.

Бұдан жарты жыл бұрын Қырымбек Елеуұлының басында туындап, нақты ұсынысқа айналған бұл ой түйіні жақын арада, соншалықты аз уақытта, өз жемісін бере бастамақ.

Әлемдік жаңа технология мен алдыңғы қатарлы жетістіктерді, әлемдік ақыл мен адам күштерін пайдалаудың ұтырлы әдістерін пайдалану бір кездерде жапондар мен американдықтарды, кейін еврейлер мен арабтарды алға шығарса, ендігі жерде сол әдістерге біздің Қазақстанымыздың да бет алғаны байқалады. Соның айқын дәлелі осы Ақтау Сити жобасы. 

Бұл елдің халқы өздерінің шөл даласына іскерлігінің арқасында, әлемдік жаңалықтарды пайдаланудың арқасында жайқалған орманды жолдар мен гүл жайнаған қалалар салып алыпты.

Олар адамзат мәдениетінің соңғы екі мың жылдық ғұмырында теңдесі жоқ, “Әлемнің сегізінші кереметі” атала бастаған Дубай пальмасымен, жеті жұлдызды қонақжайды өмірге келтіріпті.

Біз соларды көріп, тек қана Ақтау Сити қаласына емес Қазақстанның да болашағына анық көз жеткізіп келдік.

Осы сапарға қатысқан Ақтау қаласының сәулетшілері мен құрылысшыларының және де басқа мамандық иелерінің атынан біз осы жобаны өмірге келтіруге білімі мен батылдығы жеткен Қырымбек Елеуұлына рахмет айтамыз.

Біз өз ұлтының діні мен ғұрпын сақтай, өз қаражаттары мен өзге ел капиталдарын ұтымды пайдалана өз елінің адамдарына “жұмақ жай” және сол елде еңбек етіп жүрген басқа ел адамдардың адал, сапалы еңбек етулері үшін барлық мүмкіншіліктерді ұйымдастыра алған елді көріп келдік.

Біз Каспий жағасында “Ақтау Сити” қаласының аз ғана жылда бой көтеретініне сенімді болып қайттық. “Ақтау Сити” тек қана маңғыстаулықтардың мақтанышы болып қана қоймай, біздің байтақ Қазақстанымызға үлгі бола алады деп сенеміз.

Қазақстанның әр түкпірінде құрылыс мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттеріміздің бұл жобадан үйренері көп болады.

Абай атамыз “болмасаңда ұқсап бақ, бір жақсыны көрсеңіз” деп тегін айтпаған екен.

Бірақ біз тек қана ұқсап емес, жақсы да бола алармыз.

Тек жақсы болып қоймай басқаларға үлгі де бола алармыз деп ойлаймын.

 

                                               Сайын Назарбекұлы

                  

                   Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

                   Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

                   Қазақстан Сәулетшілер одағының мүшесі

 

 

 

Запись опубликована в рубрике Отан.Жер. Ел. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Комментарии запрещены.