Бағдарлама ұсынамын

 

                                                                  "Ана тілі".   19.01.2006

 

Қазақ тіліне көшкен мекемелердің жұмыстарымен таныса, тындырған істерін зердеден өткізе келе қазақ тілін толық қанды мемлекеттік дәрежеге көтеру үшін біраз жұмыстар жасалынуы қажет. Олар:

·        тілді тазарту жұмыстарын жүргізу;

·        адамдар санасын бағыттау жұмыстары;

·        қазақ тіліне көшуге орыс тілді мекемелерді даярлау;

·        қазақ тіліне көшуге қазақ тілді мекемелерді даярлау болып табылады. 

 

Қазақшаға көшу үшін жалпы мемлекеттік дәрежеде дайындық шаралары жүргізілмегендіктен қазақ тіліне көшкісі келетін жеке мекемелер осындай кедергілерге кездеседі. Содан барып жоғары орындар алдында ақталу үшін «пәлен мекеме іс қағаздарын қазақша жүргізеді» деген жалған ақпарлар жасақталады.

Қоғамымыз үшін ең маңызды мәселелердің бірі ретінде, нақты шешімі әлі табыла қоймаған бұл аса күрделі мәселені шешу және іске асыру мақсатында мен мынадай бағдарлама, яғни «Қазақ тілін толық меңгеру және пайдалану аясын кеңіту бағдарламасын» ұсынамын.

Бағдарлама кәсіпорындар мен өндірісте, шаруашылық пен экономикада, мемлекеттік басқару мен іс жүргізу барысында қазақ тілін толық меңгеру және пайдалану аясын кеңейту жолындағы жүзеге асырылуға тиісті басты шараларды қамтиды.

Осы мақсатта автор Республика Президентіне тікелей бағынатын «Тіл комитеті» және оның құрамында бірнеше комиссиялар құрылуға тиіс деп санайды.

 

Тіл комитеті

Тіл мәселесіне байланысты соңғы шешімдерді академиялық ғылыми-зерттеу институттары жұмыстарының қортындыларын пайдалана отырып, жоғары, орта оқу орындарының және орта мектептің жетекші мамандарының пікірлерін ескере отырып, керек жағдайда  арнайы комиссиялар талқысынан өткізе отырып қабылдайды.

         Тіл комитеті Қазақстан Республикасының қазақ тілін толық меңгеру жолындағы және қазақ тілінің пайдалану аясын кеңейту бағытындағы тындырылатын  жұмыстарын ұйымдастырады. 

Тіл комитетінде тілімізде пайдаланылып жүрген шетел сөздері мен техникалық және басқа кәсіби терминдердің қазақша аудармалары және қазақшаға аударылмай пайдаланылғаны дұрыс деп табылған шетел сөздері мен  басқа кәсіби терминдердің тізімі бекітіледі.

 

Сөздік қор жасақтау комиссиясы

Сөздік қор жасақтау комиссиясының саны жұмыстарының бағыты және мөлшеріне байланысты бірнеше болуы мүмкін. Өндіріс және басқа да мамандық иелерінен жасақталатын бұл комиссия мамандықтары бойынша іріктелген топтарды біріктіріп:

·        зерттеліп, сөздік дайындалып жатырған сала бойынша сол салада жиі пайдалыналтын қазақ сөздік қорын;

·        өндіріс пен шаруашылық салалары бойынша пайдаланылып жүрген шетелдік сөздік қорын;

·        өндіріс пен шаруашылық салалары бойынша пайдаланылып жүрген қазақша аудармалар қорын дайындайды.

Комиссия дайындаған сөздік қорларды, аудармаларды қазақ тілін жетілдіру, пайдалану аясын кеңейту комиссиясына тапсырып отырады.

 

Қазақ тілін жетілдіру, пайдалану аясын кеңейту комиссиясы

Тіл мамандарынан жасақталған бұл комиссия өздеріне түскен сөздіктерді салыстыру, зерделеу арқылы:

·        зерттеліп, сөздік дайындалып жатырған сала бойынша сол салада жиі пайдалыналтын қазақ сөздік қорын;

·        дайын аудармалардың;

·        аударылуға жататын шетелдік сөздердің;

·        аударылмай пайдаланылатын шетелдік сөздердің сөздік қорларын анықтайды.

 

Білім министірлігі

Қазақ тілін жетілдіру, пайдалану аясын кеңейту комиссиясы қабылдаған құжаттар негізінде:

·        барлық мектептерде «Қазақша іс қағаздарын жүргізу» атты сабақ кіргізеді. Бұл сабақтарда балаларға іс қағаздарын жүргізу мәселесімен қоса «қазақ тілінде аударусыз пайдалыналатын шетел сөздері» таныстырылады;

·        кейбір жоғары және орта оқу орындарында «Қазақша іс қағаздарын жүргізу» мамандығы ашылады;

·        «Қазақша іс қағаздарын жүргізу» атты мектеп аралық, аудан аралық жарыстар ұйымдастырылады. Оны облыс және одан да басқа дәрежелерде өткізеді.

 

Министірліктер мен өндірістік бірлестіктерде:

·        қазақ тілін жетілдіру, пайдалану аясын кеңейту комиссиясының дайындаған ресми құжаттары негізінде өндіріс және шаруашылық мемелелері «қазақша іс қағазын жүргізу» атты қысқаша курстар ұйымдастырады.

·        қазақ тілін жетілдіру, пайдалану аясын кеңейту комиссиясының дайындаған ресми құжаттары негізінде «Іс қағаздарын жүргізу» атты мекеме аралық, аудан аралық жарыстар ұйымдастырылады. Оны облыс және одан да басқа дәрежелерде өткізеді.

 

 

Тіл мәселесіне байланысты соңғы шешімдерді академиялық ғылыми-зерттеу институттары жұмыстарының қортындыларын пайдалана отырып, жоғары, орта оқу орындарының және орта мектептің жетекші мамандарының пікірлерін ескере отырып, керек жағдайда  арнайы комиссиялар талқысынан өткізе отырып қабылдайды.

 

 

Запись опубликована в рубрике Ұлт болмысы. Ана тілі. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Комментарии запрещены.