Балаға қамқорлық — Отанға қамқорлық

 

Сұрақ: Қазір жас ұрпақ тәрбиесі нашарлап бара жатқан жоқ па?

Жауап: Ол осы жас балалар ата мен әке болған уақытта түсінікті болады.

Сұрақ: Бала мен жастар тәрбиесі нәтижелі болу үшін не істеу қажет?

Жауап: Оны түсіндіру үшін бір жақсы, үлгілі от басын мысалға алалық. Сондай шаңырақтың жас сәбиін, балаларын қалай қамқорлайтынын бақылалық…

Жас нәрестені ағалары мен апалары күн сайын далаға алып шығып қыдыртады, ойнатады, таза ауамен дем алдырады.

Атасы мен әжесі немерелеріне не түрлі тақпақтар мен жұмбақтар, ертегілер мен аңыздар үйретеді. Ұлттық әдет-ғұрып атасы мен әжесінің арқасында жас балалар жанына сіңіп жатады. Әке мен шеше балаларына білім алдырып, жақсы оқу орындарын таңдап, жақсы ұстаздардан дәріс алуын қамтамасыз етеді. Талабына, талантына сәйкес жұмыс, қызмет іздестірмекке тырысады.

         Осындай шаңырақтың өз баласына істеген қамқорлығын мемлекет әр баласына істей алған шақта, сол ел бақытты адамдар отанына айналмақ.

         Әр шаңырақ отанына қамқорлық жасайды, Отаны әр шаңыраққа қамқорлық жасайды.

 

 

Запись опубликована в рубрике Ойлар……. Ойлар…………. дәптері. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Комментарии запрещены.