Азаматтық пен елдіктің баспалдақтары

 

Ит басына іркіт төгіліп жатқан заманда көзі іріңдеп, қолы дірілдеп қоқыс теріп жүргендерді адам етем дегендердің еңбегі арам. Әлгі – бәрібір адам болмайды.

Қазақ халқы сан  ғасырлар бойы арман етіп, енді елі тәуелсіздікке, басы бостандыққа жеткен шақта таққа таласқанның ниеті арам.

 

Азаматтық баспалдақтары

1.   Балалық шақ. Ең жоғарғы баспалдақ.

2.   Жігіттік. Дүние таным кезеңі. Бұл кезеңде адамдар көбіне өз ауылы, өз руы жобасында қалмақ.

3.   Кісілік. Бұл кезеңде адам ұлттық, елдік белестерге көтеріліп, ел мүддесі туралы ойлана алады.

4.   Кемеңгерлік. Барлық баспалдақтардан өткен, ойы кемелденген, өмір құбылыстарын ақыл-оймен басқарар кезең.

5.   Қарттық. Қарттық кезең Адамның өмірден сұранысы азайып, қанағат пен шүкіршілікке бой алдырған шағы.

 

Кісі осы баспалдақтардың қайсысында тұрса (жасымен емес, санасымен) кісілік парасаты сол жобамен өлшенбек. Көптеген адамдар алғашқы баспалдақтардан аса алмай, келесісіне өте алмай қалады.

 

Бұзық жұрт болмайды, ел ішінде  тентегі болады.

“Ел ішінде бір тентек жүрмейді ме” деп оның орынсыз істеріне кешірімшіл болады. Сол тентек бара-бара лидерге айналады.

Ақыры сол тентектің соңына еріп ел де бұзылады.

 

Азған ел болмайды, ел ішінде ішінде азғыны болады. Сол азғынды кезінде ауыздықтамай, ақыры азғынның азғыруына ерген кезде елдің де ниеті мен әрекеті азғындай бастайды.

 

Егер ел ішінде білімді шығып біліксізге, ер шығып содырға қарсы саналы түрде қарсылық әрекеттер істемейтін болса, әлгілер елді аздырмай тынбайды.

 

Ел адамдары көп нәрсеге көз жұма қарайды. Олар “айта берсін. Маған не зияны тиіп жатыр” дейді. Бейқамдық жасайды. Ақыры бейқамдығынан қорлық көреді.

 

Осылар туралы ойлағанда елдің бірлігіне, тыныштығына, елдігіне қауіпті сөздерге, үгіттерге (сайтанның сөзін сөйлейтіндер) ел болып қарсы тұру қажеттігі…

 

Әйтпесе көпшілігіміз алғашқы естігенді ақиқатқа балайтын, әсіресе біреуді жамандағанды білгірлік пен батырлыққа санайтын қасиет басымырақ болады. Сайтанның азғырғанына сенуге құмарлаумыз.

 

Ақылды, озық ел болмайды. Ақылды, ойлы (періште сөзін сөйлер) ұл болады. Егер ел сол ұл соңына ерсе ел де ұлы атанады.

 

Еңкейіп еңбек етсең жер ананы емерсің!

Қанағатпен жаныңды жұбатсаң бір панаңа сенерсің!

 

Жасы жеткендер “жастар тәрбиесі” деген сөзге үн қоспай қалмайды. Бірақ солар оларды қандай түрде көргісі келеді екен?

Менің түсінігімде ел ел болып тұру үшін ел азаматтарында: “Отансүйгіштік”, “Еңбекқорлық” атты қасиеттер басымырақ болу керек екені белгілі.

Солармен қоса:

1.   Елдің мүмкіншілігін ойлай білу;

2.   Өз шаңырағыңның мүмкіншілігін ойлай білу;

3.   Өз басыңның мүмкіншілігін ойлай білу, өз басының табиғат сыйлаған талантын, өзің жетістірген іскерлігің, өзің жеткен ойлай білу деңгейің…

 

Осындай қасиеттерді көпшілік пендеге еге алған ел – ең бақытты ел болмақ.

 

Запись опубликована в рубрике Ойлар……. Ойлар…………. дәптері. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Комментарии запрещены.