Адам қандай

 

Адамдардың саны қанша? Кеткені бар, тірісі бар, келері бар – жалпы саны шексіздікке ұмтылар өлшемді құбылыстың бірі болар…

Саусақ таңбаларының қайталанбайтыны секілді, адамдардың мінездері мен болмыстары да қайталанбайтын болар.

Бірақ айтқан сөзі мен тындырған істерінің тіршілік пйадасына асуын сараптай қарағанда адамдарды адам түсінетін төрт топқа бөлуге болар деп ойлаймыз. Төрт түрлі қауым өкілдері

1.   Тек өз басының қамына еңбек ететіндер;

2.   Өз басын қамдай қоғамына еңбек ететіндер;

3.   Соларға қоса жалпы адамзат мүддесін қалыс қалдырмайтындар;

4.   Өз басына, еліне, жалпы адамзатқа еңбек ететіндер және соны діни түсінікпен, Жаратушы құдіреті мен Жаратылыс заңын мойындай еңбек ететіндер;

 

Әрине, бұлардан басқа, тағы бір топ адамдар, бір қауым өкілдері тіршілік етпек. Олар басқа түгілі өз басына да қайыры жоқ, ісі де, ойы да жалпы адамзат қоғамы қабылдаған қағидаларға жат қылықтылар. 

Адам қандай?

     Бұл сұрақтың жауабы жоқ болуы да мүмкін. Дегенмен ойға келіп қалғасын жауап іздеу міндет секілді.

     Сонымен – адам қандай?

         Сұраққа жауап іздегенде көз алдыңа бірде адамдар тобы, енді бірде жеке кісі тұлғасы елестейді екен.

 

         Адамдар тобы…

Шанхайдағы шұбырғандар…

Москва көшесіндегі асығыстар…

Базарда саудаласқандар…

Тойда тоғысқандар…

Жиналыста даурыққандар…

Ереуілге шыққандар…

Кемеңгер басшының соңына ерген көп…

Айқайшының артына ерген тобыр…

 

         Мағынасыз тіршілік секілді. Бірақ адамзаттың тіршілігі тек осы құбылыстарға байланысты.

Тобырлар… Бұлар әлемді талай қасіретке батырған.

Қанішердің артына ергендер…

Египет пирамидасын тұрғызған көпшілік… Ғасырлар бойы азапты еңбек етіп, қырылып…

Тұрғыздырған кісі… Әлемге аты қалып…

 

Жеке адам…

Айдалада жосылтып ағып бара жатқан, арғымақ мінген адам…

 

Елін танытқан, жерін жаңғыртқан, мысалы Нұрсұлтан Әбішұлы секілді, ел басын біріктіре алған  көсем…

Жұрт алдында өлең оқып тұрған, мысалы Олжас Сүлейменов секілді ақын…

Көпшілік алдында сөзін сүйек балқытардай деңгейге жеткізе алған шешен…

Оқушыларының пір тұтарына айналған ұстаз…

Қабағынан қар жауған бастық…

Балаларын шұбыртқан ана…

 

 

 

 

Запись опубликована в рубрике Ойлар……. Ойлар…………. дәптері. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Комментарии запрещены.