Адам мен әлем санасы………

 

 

Маңғыстау, 19.07.2003

 

Адам санасы және әлем санасы   

                                                       

Егемен еліміздің көк байрағы дархан даламыздың самалымен еркін тербеле бастаған сәттен бастап, біздер, сан ғасырлар аңсаған тәуелсіздіктің балдай дәмін тойғанымызша тата бастадық. Бірақ, әттеген-ай…

…Тәуелсіздік атты ғаламат "рух еркіндігі" атты  құбылыстың дәмін әркім өз санасының жеткен жеріне дейін ғана тата алады екен…

…Бодандық қапасынан босанған пенделер, бостандық ауасынан, әркім өз қуанышының мөлшеріндейін ғана жұта алады екен…

…Адамдар тәуелсіздік атты құбылысты әртүрлі қабылдайтын, әр түрлі пайдаланатын болып шықты. Қазақ халқының бостандығы мен болашағы үшін, кешегісі мен бүгінгісі үшін өздерінің әлі күнге бір тал шөп басын сындырмағандарын біле тұра “піскен астың қожасы, дайын астың атасы” делінетін адамдар оңай сұрыпталып шыға бастады…

Ел тәуелсіздігі, сол арқылы қол жететін демократиялық қоғам деген қасиетті ұғымдар атын жамылып өз басына бақ іздейтіндер ел тыныштығында шаруасы болмайтыны дәлелденбейтін ақиқат секілді.

Сондықтан да болар, әрбір өткізілген сайлаудан кейін жалған демократтардың аузынан түспейтін жалғыз-ақ сөз, жалғыз ұран: “Өткен сайлау заңсыз деп танылсын!” – деп, ұрандатып жатады.

Оппозиция өкілдері “өз додаларында” өздеріне қарсы үгіт жүргізуден жалығатын емес.

…Біз, осы жолы, ел арасында үгіт-насихат жұмысын дұрыс ұйымдастыра алмадық…

…Біздің жігіттер халықпен тіл табыса алмады…

…Біздің қатарымызда қолында билігі бар азаматтар аз болды…

…Тағысын тағылар…

         …Олардың, осы сараптамаларынан кейін өздеріне (оппозицияға) бір сұрақ туындайды…

…Ау, ағайындар! Сонда қалай? Халықпен тіл табыса алмайтын жігіттермен, беделсіз кісілермен, қолбала міндетін атқаратындармен, ел арасындағы үгіт-насихатынан нәтиже шығара алмайтын кісілермен қалай ел басқарғыларың келіп жүр?..

…Ал жеңіске жеткен екенсің делік. Ал билікті қолға алған екенсіңдер делік. Сонде елді қалай басқармақсыңдар? Кімге сеніп билікке таласып жүрсіңдер?..

Ел билігі атты өте жауапты шаруаға додаға түсер алдында аздап ойланып алған дұрыс болар…

Оппозиция да біздің еліміздің шаруасы. Олардың мүшелері де біздің азаматтарымыз…

 

Олардың ісі мен мінезі, ……… 

 

Тындырған істері………….

Ел үшін еткен еңбегі………

 

Өтпелі кезеңде, көптеген елдерде басына түспек түгіл ойлауға қорқатындай жағдайлар болып жатқан жағдайда еліміз көп ұлтты ел бола тұра, несін жасырамыз,  өз ұлтымыздың да іштей үшке бөлінетіндігіне қарамай, ел басының, саясаткерлеріміздің  ұтымды жұмыстарының арқасында елдегі тұрақтылықты қамтамасыз ете алды. Міне енді сол саяси, әлеуметтік тұрақтылық өз нәтижелерін бере бастады. Мемлекетіміз осы уақыттарда халық қамы үшін мол қаржылар бөле алатын дәрежеге жетті…

…Бәріне қуанамыз, бәріне ризамыз. Тек қана бізді жақын арада “әттеген-ай” дегізерлік, ел назарын аударарлық бір-екі хабар алаңдатады.

 

Біріншісі: Ауыл әкімдерінің сайлана бастайтыны туралы шешім. Біз жасымыз жеткен, өмірдің ащы-тұщысын талай татқан адамбыз.

Ауыл әкімдерін, қала, облыс әкімдерін сайлау деген сөз, ел тыныштығына сына қағумен бірдей құбылыс. Қалмақтардың он доллары мен орыстардың “разделяй, властвуй” қағидасын жүзеге асырғаштардың күні туады деген сөз.

Кейбір, ортамыздағы азғана, шөкімдей билікке таласушы топтардың мүддесіне бола ел тыныштығын экспериментке салудың қажеті қаншалық. Өткен жылдардағы ауыл әкімдерін ауыл адамдарының өздеріне сайлату тәжрибесі біраз нәрселерге көз жеткізді емес пе. Сайланғандардың біразы өздерінің қабілетсіздігін мойындап жұмыстан босануын өтінсе, біразы шаруашылыққа, заңдылыққа айтарлықтай нұсқан келтіріп үлгеріпті.

Біздің ойымызша әзірге әкімдерді тағайындай тұру қажет. Тайғайындалған әкімдердің негізгі борышы ретінде жыл сайын ел алдында істеген ісі, болашақ жоспары туралы есеп беру міндеті жүктелуі тиіс. Тағайындалған әкімнің өзін тағайындаған органдар алдындағы бетке ұстары елге берген есебі мен оған елдің берген бағасы болуға тиіс деп есептейміз. Сонда ғана әкімнің жеке басының іскерлігі туралы қателеспейміз, ел алдындағы міндетін ұмытпауды ұйымдастыра аламыз.

Қате басқан жағдайда ел алдында берген есебі арқылы жіберілген қатені түзетіу мүмкіндігіне ие боламыз.

Екінші әттегенайымыз “Жас Алаш” газетінің “Ақ Жол” партиясы ұсынады деген “ҚР негізгі заңы” жөніндегі ой еді.

Пария болып құрылғалы өз араларында бірлік-береке ұйымдастыра алмай күнде “қырық пышақ” болып жатқандарды партия деп қабылау қаншалықты қиын болса, оларды елді мақсатына жеткізе алады, бір ұлт басындағы емес, көп ұлтты елдің тағдырын, дүние жүзі көз тігіп отырған Қазақстандай мемлекеттің тағдырын, оның бүкіл әлемдік мәселелерін шеше алады дегенге сену одан да қиын  екен…

Әр халықтың өздерінің қасиетті сенімдері бар. Біз ханы мен төресіне, биі мен батырына сенген елміз. Діні мен әдетіне сенген елміз. Сол сенімдерді ойынға айналдырмалық… Елді кез-келген нәрсені ойлап тауып айтақтай беруге болмас. Әйтпесе ел сенімін жоғалтар…

Халықтың ұлттық болмысын сақтар белгілері бар. Соларды аяқ асты етпелік… Әйтпесе ұлттығымызды да жоғалтармыз…

 

Жаһандану жүріп жатыр дейді. Сол жаһандану процесінде бас бөріксіз, бет қылтанақсыз қалар……..

Қызыңның тәні жалаңаштанып, ұлыңның жаны

 

Адам санасынан әлем санасы қорытылатынына сенімділердің біріміз.

Соған сенетін болсақ біздің қазақстандықтардың 77 пайыз сайлауға қатысуы, 91,15 пайыз дауыспен бір адамды қолдауы Қазақстандықтардың өз санасы қалыптаса бастағанын, Қазақстан халықтарының іс-әрекеті дүние жүзі елдерінің назар аударуға жағдайы жетіп қалғанын аңғартады.

Тек қана енді сол беделден айрылып қалмаса!

Ол үшін……..

Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары кезінде елге берген уәделер қанша пайызға орындалады, елдің бірлігі мен мемлекетке деген сенімі сонша пайыз жобасында тұрақтана бастайды.

Ел қолынан келгенін істеді. Енді ел қолында енді сенім мен үміт қана қалды?..

Ел басындағылар ел көмегімен сайлауда жеңіске жетті. Енді олар қолында билік пен атқарылар істер қалды!..

 

Өмір бір сайалаумен шектелмейді…

Ендігі жердегі негізгі мәселе – келесі сайлау!….

Мемлекет басындағылар мен оппозиция арасындағы ел беделіне ие болу тақырыптары жөнінде………

Келесі сайлауда кім жеңіске жетеді?..

Жеңіске жеткісі келетіндер ендігі жерде………….

 Ендігі жерде елдің әлеуметтік жағдайын жақсартамыз, айлық өсіреміз………… деген секілді ұрандар мәнін жоғалтады. Өйткені ол шаруаларды қазіргі ел басшылары айтарлықтай, ел риза боларлықтай дәрежеде орындап жатыр.

 

Қазіргі оппозиция өкілдері жалау етіп жүрген жалған ұрандар ел назарын аударудан қалған.

 

Төлесін молда… Өкімет те, дін де, басқасы да тек қана ел үшін еңбек етуі қажет деген еді…

Егер оппозиция бүгінгі өз жеңілісі жөнінде “біз халық назарын аударар, санасына әсер етер бағдарлама ұсына алмадық” деп емес, біз халықтың тілін таба алмадық. Біздің кісілеріміз адамдармен тіл табыса алмайды. Дөрекі. … деп жатса, біз оппозиция сөзімен ел аралап жүргендердің жалған уәдеден басқа ештеңесі болмағанын, әсіресе білімдерінің жетіспегенін, популизм, өзін-өзі мадақтау…

Басқалар сөзін тыңдамау

Қарсы жаққа сұрақ қойғызбау,

Провакатор деп айқай салу, уақытты өздерінің мүмкіндіктеріне ғана

Екі сағат уақытының жарты сағаттайын кешіктіріп өткізіп, өз сөздері аяқталғасын өздері дайындаған аз ғана сұрақтарға жауап берген кезде уақыттың таусылуы

Содан барып сол жерде уақытты аз берген өкіметті кіналап жиынды аяқтау.

 

Оппозиция өкілдері де, билік басындағылар да ендігі жерде халықтың рухани сұранысына дұрыстап бет бұра алса…..

Сол сұраныстарға жауап берерлік істер ұйымдастыра алса……..

Қазақстан мемлекетінің негізгі заңының негізгі ұраны “мемлекеттік тіл – қазақ тілі” деген қасиетке толы сөз мағынасына өз дәрежесіндегі

Қазақ тіліне өттік деген облыстар өз уәделеріне шын мағынасында жауып бере алса…

Қазақ халқының, қазақстандықтардың ұлттық болмысы, әдет-ғұрпы, тілі деген мәселелерге азық боларлық мәселелер көтеріп, соны ұйымдастыра алса….

Мемлекеттік тілге жеке кісілердің ұраны емес, тұтастай мемлекет болып жүйелі түрда атқарылар істер бағдарламасы бойынша іске кіріссе………

Ол үшін балалар бақшасы

Мектеп

Мекемелер…….. ана тіл бағдарламас…

 

Мен жасым “пайғамбар жасына” толғанда не үшін саясатпен айналыса бастадым? Міне сол сұрақтар жауабы…

Қорқыныш… Елдің бірлік-берекесі… Жастар болашағы… Ел тыныштығы…

Маңғыстаудағы Ақшымырау (643 сайлаушының 536-сы сайлдауға қатысып, Тұяқбайға 58 пайыз дауыс берген), Жармыш (889 сайлаушының 802-сі сайлауға қатысып, 40 пайызы Тұяқбайға дауыс берген) секілді ел әлгідей мінезі бар, әлгідей мақсаты барларды Елбасы етсе ?..

 

Запись опубликована в рубрике Бүгін. Ертең. Болашақ. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Комментарии запрещены.